Оқушыларға ондық және натурал сандар туралы түсінік беру, меңгерту

Скачать

Математика
Сабақтың тақырыбы: Ондық. Натурал сандар (презентациясымен)
Сабақтың мақсаты:
Білімділік: Оқушыларға ондық және натурал сандар туралы түсінік беру, меңгерту. Ертегі еліне саяхат жасай отырып есептер шығару
Дамытушылық: Оқушылардың логикалық ойлау, есте сақтау, танымдық қабілеттерін, математикалық тілдерін дамыту.
Пәнге деген сүйіспеншілігін арттыру.
Тәрбиелік: Оқушыларды өз бетінше жұмыс істеуге, ұқыптылыққа, тазалыққа, отансүйгіштікке, еңбексүйгіштікке, батырлыққа, адалдыққа тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: Ертегілір еліне саяхат сабақ
Сабақтың типі: жаңа білім беру
Сабақтың әдісі: түсіндіру, сұрақ - жауап, интерактивті оқыту әдісі
Сабақтың көрнекілігі: интерактивті тақта (сан. мин 15 мин)
Пәнаралық байланыс: ана тілі
Күтілетін болжам: Ондық. Натурал сандарды меңгеру, ажырата біледі.
Пайдаланған әдебиеттер: Т. Қ. Оспанов, Г. Т. Керемқұлова, М. В. Маркина,
И. И. Свидченко 1 сынып Математика оқыту әдістемесі 172 - 173 бет. Педагогикалық басылымдар Бастауыш мектеп, Бастауыш сынып Начальная школа

Сабақтың жоспары
І. Ұйымдастыру кезеңі (2 мин)
ІІ. Үй тапсырмасын сұрау (10 мин)
ІІІ. Жаңа сабақ (25 мин)
ҮІ. Сабақты бекіту, қорыту (5 мин)
Ү. Бағалау. (3 мин)

Сабақтың барысы
І. Ұйымдастыру кезеңі. (2 мин)
Мотивация
Сабақтың ұранын айту: Математика сабағын,
Жақсылап ұғып аламыз.
Сәулесі деп сананың,
Мәнінен ой табамыз.
- Кезекші бүгінгі күн туралы айтып бер.
- Бүгін сәуірдің 19 - ы, аптаның 5 - ші күні
- Бүгін математика сабағында біз қазақ ертегісіне саяхат жасаймыз. Батырлар туралы қандай мақалдар білеміз
- Батыр туса - ел ырысы,
Жаңбыр жауса - жер ырысы.
- Ердің көркі – елімен,
Отан көркі – жерімен.
- Өжет адам өлімді жеңеді.
- Бұл мақалдар кім туралы айтылған?
- Батырлар туралы
- Балалар, бізге бүгін қонаққа Ер Төстік батыр келіпті. Ел қорғаған батырдың жолында өз жерін қорғау үшін көптеген кедергілер кездеседі. Оның туған жеріне Дәу, Айдаһар, Мыстан келіп халқының берекесін алғаннан кейін, елін қорғау үшін, Ер Төстік оларға қарсы жорыққа шығыпты.

- Қане, балалар, Ер Төстіктің жауларын жеңуіне көмектесеміз бе?
- Әр берген көмектерін үшін ұлдарға қамшы, қыздарға алқа беріледі.
- Дәуге кезікті. Оның тапсырмалары бар екен.

ІІ. Үй тапсырмасын сұрау. (10 мин) Интерактивті және жай тақтамен жұмыс
- Мысал 4
7 2 ---- 7 = 7 ---- 7+a=9 ----- a+7=9
9 = 9 ---- 2 = 2 ---- 2 9 ---- 9 - a=7 ----- a - 7=2
Теңдеулерді бірінші бағанға, теңсіздіктерді екінші бағанға, ал теңдіктерді үшінші бағанға жаз. Теңдеулерді шеш.

7+a=9 ------- 9 = 9 ------- 7 2
a+7=9 ------- 7 = 7 ------- 2


Скачать


zharar.kz