Мұқағали Мақатаевтың өлеңі He деген керемет күн!
He деген керемет күн!
Жанында бәрі даяр не керектің:
Көрінеді гүлдерің бүр жарғаны,
Естіледі ұшқаны көбелектің.
He деген керемет күн!
Естіледі бал - ара нәр сорғаны,
Бармақтай балапан құс ән салғаны.
Бәрін де кеудесіне қондырып ап,
Дала бір рахатта,
Дел - сал жаны.
Таулардың самал ессе балағынан,
Гүлдер тұр үзілердей сабағынан.
Шартарапта шауып жүр нұр мен шуақ
Шашырап күңнің алтын табағынан.
Сусындап көк аспанның шанатынан,
Шарықтап шыңырауда ана - қыран;
Ару - жер өз дидарын қарап жатыр,
Мөп - мөлдір, тұнық көктің жанарынан.
He деген керемет күн!
Кейпіне елітесің төңіректің.
Қаласа мына жатқан сәби - дүние.
Келеді өміріңді бере кеткің...
Мұқағали Мақатевтың өлеңдері 1
Мұқағали Мақатевтың өлеңдері 2