Қағаз бетіне түрлі пішіндерден заттың дайын суретін құрастыра білуге үйрету

Скачать

Бейнелеу пәні бойынша ойындар

Дидактикалық ойын: Өрнек құрастыр
Мақсаты: Әртүрлі пішіндер мен элементтерден өз бетімен өрнек құрастыру. Балалардың шығармашылық ойлау қабілеттерін дамыту.
Шарты: Квадрат, тікбұрышты, дөңгелек ақ қағаз бетіне үлгіге қарап, өрнектерді түсіне, пішініне, көлеміне сәйкес симметриялы орналастыру.

Дидактикалық ойын: Негізгі және қосымша түсті тап
Мақсаты: Түстер мен олардың реңктерін анықтауға, негізгі және қосымша түстерді ажыратуға үйрету. Суық және жылы түстерді ажырату дағдыларын бекіту.
Шарты: 1 вариант: Суық және жылы түстерді жеке орналастыру.
2 вариант: Арифметикалық амалдар арқылы негізгі түстерден қосу, азайту көмегімен қосымша түстерді шығару.

Дидактикалық ойын: Жыл мезгілінің түстерін ата
Мақсаты: Боялмаған суреттерге жақын бояу түстерін табуға үйрету. Шығармашылық ойлау қабілеттерін дамыту.
Шарты: Жыл мезгілдерінің суреттеріне байланысты бояу түрлерін өзбеттерімен таңдау.

Дидактикалық ойын: Әтешті бояуға түс таңда
Мақсаты: Балаларға түстерді таңдау, салыстыру, ажырата білуге үйрету.
Шарты: Берілген түрлі - түсті карточкалардан суреттегі бояу түріне сәйкестендіре түстерді таңдап алу.

Дидактикалық ойын: Портрет салу
Мақсаты: Адамның қуаныш, қорқыныш, т. б. сезімдерін бейнелей білуге үйрету. Балалардың қиялын, ойлау қабілеттерін дамыту.
Шарты: Адамның портретіне қажетті бояу, қосымша заттарды таңдау.
Бас мүшелерді қағаз бетіне дұрыс орналастыру.

Дидактикалық ойын: Сыңарын тап
Мақсаты: Силуетті немесе контурлы бейнелерге сәйкес заттардың бейнесін табуға үйрету.
Шарты: Берілген түрлі пішіндегі заттардың таныс бейнелеріне сыңарын табу.

Дидактикалық ойын: Симметриялы заттар
Мақсаты: Симметрия ұғымымен таныстыру. Симметриялы заттарды анықтау және ажырата білуге үйрету. Кеңістікті бағдарлау дағдыларын дамыту.
Шарты: Берілген кескіндерді симметриялы орналастыру, қағаз бетінде дұрыс қою.

Дидактикалық ойын: Көбелектің суретін жалғастыр
Мақсаты: Қағаз бетіне түрлі пішіндерден заттың дайын суретін құрастыра білуге үйрету. Балалардың қиялы мен шығармашылығын дамыту.
Шарты: Дайын үлгіге қарап, геометриялық пішіндерден көбелекті құрастыру.

Дидактикалық ойын: Суретті жалғастыр
Мақсаты: Суреттегі аяқталмаған үлгіні өз қиялы бойынша аяқтауға үйрету. Балалардың қиялын, шығармашылығын дамыту.
Шарты: Берілген үлгідегі суреттерді аяқтау.


Скачать


zharar.kz