Қарағанды облысы, Шет Ауданы, Ақшатау кенті
Балабақша тәрбиешісі Станова Айнур Сыбанкуловна
Қатынас білім беру саласы.
Бөлімі: тіл дамыту
Тақырыбы: З және С дыбыстары
Тілдің дыбысталу мәдениеті.
Мақсаты:
Білімділік: балаларға З және С дыбыстарының артикуляциясын көрсету және түсіндіру сөздерде барлық дауысты және дауыссыз дыбыстарды ұғымды түрде айту білігін бекіту.
Дамытушылық: сөйлеу тынысын дамыту және дыбыстардың таза айтылуын дамытуға ықпал ету, ой - өрісін дамыту. Дыбыстық және дыбыс шығару аппаратын дамыту. Фонематикалық түйсікті (белгіленген дыбысты сөзде есту және оның айтылуын атап көрсету білігі) дамыту.
Тәрбиешілік: зейінді және ұқыпты болуға, тыңдай білуге тәрбиелеу.
Алдын - ала жұмыс: д ойын: Сөз ұйқасын тап
Құралдар: демонстрациялық: әріп таңбасының үлгісі; үлестірмелі: заттық қиылған cуреттер.
Қостілділік компонент: қаз - гусь, жұлдыз - звезда, зымыран - ракета; сағат - часы, саусақ - палец.
Мотивациялық - қозғаушылық
Бәріміз бірге айтамыз:
Сағат сырт - сырт санап тұр:
Уақыт өтіп барады!
Деп ол сынай қарап тұр
Салғырт, жалқау баланы!
Ұйымдастыру - іздестіру
1. Ұйымдастырылған оқу іс - әрекетінің барысы:
Сурет бойынша әңгіме.
- Балалар, суретке назар аударыңдаршы, суретте не бейнеленген?
- Сағат деген сөзде бірінші қай дыбыс естіліп тұр?
- Дауысты дыбыс па, дауыссыз дыбыс па?
- Дауыссыз дыбыс екенін қайдан білдіңдер?
- Қане, енді барлығымыз бірге дауыстап айтайықшы. С
И. Демьяновтың әдісі бойынша әріп таңбасын тақтаға жазып көрсету.
- Балалар, енді з әріп таңбасын қарастырайық.
- Зымыран деген сөзді алайық. Зымыран сөзінде бірінші қандай дыбыс естіліп тұр?
- Дауысты дыбыс па, дауыссыз дыбыс па?
- Неліктен дауыссыз дыбыс?
- Қане барлығымыз бірге дауыстап айтайықшы. З
Әріп таңбасын тақтаға жазу
Толық нұсқасын жүктеу