5 - сынып қазақ тілі пәнінен қысқа мерзімді жоспары
Тақырыбы: Сөзжасам. Сөздердің лексикалық тәсіл арқылы жасалуы
Мақсаты: Сөзжасам туралы түсінік қалыптасып, сөздердің лексикалық тәсілдер арқылы жасалуын меңгеріп, талдайды, білімін сөздерді талдауда қолданады.
Күтілетін нәтиже: 1. Сөзжасам. Сөздердің лексикалық тәсіл арқылы жасалуын меңгереді.
2. Талқылайды, білім қалыптастырады.
3. Сөзжасам. Сөздердің лексикалық тәсілдер арқылы жасалуы туралы постер қорғайды.
Ұйымдастыру кезеңі
Мұғалімнің іс - әрекеті
Қазақ тіл білімінің негізгі салалары: лексика, фонетика, морфология, синтаксистің ережелері жазылған қима қағаздарды таратып беріп, олардың тіл білімінің қай саласының ережесі екенін айттыру арқылы топтастырады. Топ аттары жазылған көрсеткіштерді топтардың үстелдеріне қояды.
Білім
Миға шабуыл: жетелеуші сұрақтар қою арқылы оқушылардың теориялық білімін тексереді:
1. Сөздер қалай жасалады?
2. Жаңа сөз жасаудың қандай қажеттілігі бар?
Түсіну және қолдану Оқу және талдау әдісі:
1 - топқа: Сөзжасам ережелері жазылған қима қағаз.
2 - топқа: Сөзжасамның тәсілдері жазылған қима қағаз.
3 - топқа: Сөзжасамның маңызы.
4 - топқа: Лексикалық жолмен жасалған жаңа сөздер туралы қима қағаз.
Сөзжасам. Сөздердің лексикалық жолмен жасалуы туралы постер қорғату.
Анализ
356 - жаттығудан үзінділерді таратып беріп, жұптық жұмыс жүргізеді.