Тарту күшін табыңдар

Скачать

Қостанай облысы, Науырзым ауданы,
Дәмді орта мектебі ММ
Физика пәнінің мұғалімі
Байгенжина Динара Егеубайқызы

Физика 9 сынып
Сабақтың тақырыбы: Динамика негіздері тарауын қайталау
Сабақтың мақсаты: Білімдік: оқушылардың тарау бойынша алған білімдерін жинақтау, білімді игеру деңгейлерін бағалау;
Дамытушылық: оқушылардың осы тарауда нені білді, алған білімдерін есте сақтау мақсатында ой - өрісін кеңейтіп, ойлау қабілеттерін дамыту;
Тәрбиелік: шапшаңдыққа, жинақылыққа тәрбиелеу, пәнге деген қызығушылығын арттыру.
Сабақтың типі: Қайталау сабағы
Сабақтың түрі: сайыс сабақ
Сабақтың көрнекілігі: Интерактивті тақта, тапсырма парақтар

Сабақтың жоспары:
1. Ұйымдастыру кезеңі.
2. Сайыс кезеңдері
1) Қарлы кесек? ойыны
2) Кім жүйрік? деңгейлік тапсырма
3) Кім жылдам? (формуланы толықтыр)
4) Ойлан - тап (постермен жұмыс)
5) Рольдік ойын (мұғалім, дәрігер, инженер)
6) Тест
3. Қорытынды
4. Үйге тапсырма

Сайыстың кезеңдері:
1) Қарлы кесек? ойыны
2) Кім жүйрік? деңгейлік тапсырма
3) Кім жылдам? (формуланы толықтыр)
4) Ойлан - тап (постермен жұмыс)
5) Рольдік ойын (мұғалім, дәрігер, инженер)
6) Тест
7) Қорытындылау, бағалау

1 - тапсырма: Қарлы кесек? ойынында әр топ берілген тапсырма бойынша сұрақ қойып, келесі топқа беріледі, ауызша жауап тыңдалады.
1 - топ: Күш
2 - топ: Масса
3 - топ: Дененің салмағы

Әр топ өзара бағалайды

2 - тапсырма: Кім жүйрік? есептер шығару
1 - топ 1. Массасы 2т автомобиль орнынан қозғалып, 10 ішінде 100 м жол жүрді. Тарту күшін табыңдар. 4 кН
2. 50мН күш әсер еткенде дене 0, 2 м с2 үдеу алады. Егер дене тыныштық қалпынан 30 түзусызықты қозғалса, онда оның орын ауыстыру қандай болады? 90м

2 - топ 1. Массасы 0, 5 кг доп 0, 02с уақытқа созылған соққыдан 10м c жылдамдық алады. Соққының орташа күшін табыңдар. 250 Н
2. Қатаңдығы 105 Н м болатын тіркеу тросымен массасы 2т автомобильді 0, 5 м с2 үдеумен сүйресе, трос қаншаға ұзарады? Үйкеліс ескерілмейді. 0, 01м

3 - топ 1. Массасы 2т автомобиль тас жолмен бірқалыпты қозғалып барады. Егер дөңгелектерге әрекет ететін кедергі коэффициенті 0, 02 тең болса, автомобильдің тарту күші қандай? 0, 4 кН
2. Массасы 2 кг ағаш білеушені қатаңдығы 100 Н м серіппенің көмегімен горизонталь ағаш тақтайдың бетімен бірқалыпты сүйреп келеді. Үйкеліс коэффициенті 0, 3 тең болса, серіппенің ұзаруын табыңдар. 0, 06м

3 - тапсырма: Кім жылдам? (формуланы толықтыр)
4 - тапсырма: Ойлан - тап (постермен жұмыс)

1 - топ: Ньтонның 1 - ші заңы
2 - топ: Ньтонның 2 - ші заңы
3 - топ: Бүкіл әлемдік тартылыс заңы

Әр топ өзара бағалайды (бағдаршам арқылы)

5 - тапсырма: Рольдік ойын (денелердің Жерге тартылу күші туралы)
1 - топ: Мұғалім балалар мұғалім болып сөйлейді
2 - топ: Дәрігер
3 - топ: Ғалым

Әр топ өзара бағалайды (бармақпен)

6 - тапсырма: Тест жұмысы
1 - топ:
1. Денеге әсер етуші барлық күштердің тең әсерлі күш нөльге тең болғанда дене қалай қозғалады?
А дененің жылдамдығы артады;
В дененің жылдамдығы кемиді;
С дененің жылдамдығы нөлге тең;
Д денеге әсер етуші барлық күштердің тең әсерлі күші нөлге тең болғанда дене тұрақты жылдамдықпен қозғалады;
Е дененің жылдамдығы нөлге тең емес, уақыт аралығында өзгеріп отырады.
2. Күш моменті физикалық шама, ол неге тең?
А дененің массасы мен оның жылдамдығының көбейтіндісіне;
В күш пен иінің көбейтіндісіне тең;
С күш пен бұл күштің әсер ететін уақытының көбейтіндісіне тең;
Д күш пен жылдамдығының көбейтіндісіне тең;
Е күш пен дененің үдеуінің көбейтіндісіне тең.
3. Жоғары қарай 1 м с2 үдеумен қозғалып бара жатқан лифтіде массасы 70 кг адам тұр. Адамға әсер етуші тең әcерлі күштің мәні және бағыты?
А 770 Н; В 700 Н; С 630 Н; Д 675 Н; Е 725 Н.
4. Дененің жерге тартылуы салдарынан оның тірекке немесе аспаға әрекет ететін күші
А дененің массасы;
В дененің үдеуі;
С дененің жылдамдығы;
Д дененің салмағы;
Е дененің импульсі
5. Ньютонның екінші заңы:
А денелердің бір - біріне әрекет ету күштері модулі бойынша өзара тең және бағыттары бойынша қарама - қарсы;
В басқа денелермен өзара әрекеттеспейтін барлық денелер тыныштық күйін сақтайтындай немесе бірқалыпты және түзусызықты қозғалатындай инерциялық санақ жүйелері болады.
С денеде туындайтын үдеу оған әрекет етуші күшке тура пропорционал және оның массасына кері пропорционал.
Д екі дене бір - біріне массаларының көбейтіндісіне тура пропорционал және арақашықтықтарының квадратына кері пропорционал күшпен тартылады.
Е бүкіләлемдік тартылыс күші әрекетінен дененің дөңгелек орбита бойымен қозғалысы жүзеге асатын жылдамдық.

2 - топ:
1. Қандай жағдайда қозғалыстағы дененің салмағы тыныштық күйіндегі салмағынан аз болады?
А дене бірқалыпты жоғары қозғалғанда;
В дене бірқалыпты үдеумен жоғары қозғалғанда;
С дене жоғары қарай үдеумен қозғалғанда;
Д дене бірқалыпты төмен қозғалғанда;
Е дене бірқалыпты үдеумен төмен қозғалғанда.
2. Серпімділік күші дегеніміз не?
А Жердің центріне бағытталған жерге тарту күші;
В бағыты денелерді қосатын сызықтар бойымен бағытталған, денелердің өзара тартылыс күші;
С дененің пішіні мен көлемі өзгерген кезде пайда болатын күш;
Д денелер тікелей жанасқанда пайда болатын күш;
Е тіректің денеге әрекет ететін күш.
3. Массасы 1кг денені Жер бетінен 3м с2 үдеумен жоғар көтеру үшін жұмсалатын күш?
А 13 Н; В 33 Н; С 10 Н; Д 30 Н; Е 7 Н.
4. Дененің басқа денелер тарапынан болатын әрекеттің нәтижесінде үдеу алатынын сипаттайтын физикалық шама...
А дененің массасы;
В дененің үдеуі;
С дененің жылдамдығы;
Д дененің күші;
Е дененің импульсі
5. Ньютонның бірінші заңы:
А денелердің бір - біріне әрекет ету күштері модулі бойынша өзара тең және бағыттары бойынша қарама - қарсы;
В басқа денелермен өзара әрекеттеспейтін барлық денелер тыныштық күйін сақтайтындай немесе бірқалыпты және түзусызықты қозғалатындай инерциялық санақ жүйелері болады.
С денеде туындайтын үдеу оған әрекет етуші күшке тура пропорционал және оның массасына кері пропорционал.
Д екі дене бір - біріне массаларының көбейтіндісіне тура пропорционал және арақашықтықтарының квадратына кері пропорционал күшпен тартылады.
Е бүкіләлемдік тартылыс күші әрекетінен дененің дөңгелек орбита бойымен қозғалысы жүзеге асатын жылдамдық.

3 - топ:
1. Лифтімен байланысқан санақ жүйесін инерциал деп санауға болад, егер
А лифт еркінтүссе;
В лифт бірқалыпсыз жоғары қозғалса;
С лифт үдеумен төмен қозғалса;
Д лифт бірқалыпты төмен қозғалса;
Е лифт баяу жоғары қозғалса.
2. Үйкеліс күші дегеніміз не?
А Жердің центріне бағытталған жерге тарту күші;
В бағыты денелерді қосатын сызықтар бойымен бағытталған, денелердің өзара тартылыс күші;
С дененің пішіні мен көлемі өзгерген кезде пайда болатын күш;
Д денелер тікелей жанасқанда пайда болатын күш;
Е тіректің денеге әрекет ететін күш.
3. Рычагке әсер етуші күш 5Н. Күш иіні 0, 4 м болса, күш моменті неге тең?
А 5 Нм; В 2 Нм; С 0, 4 Нм; Д 20 Нм; Е 0, 16 Нм.
4. Дененің өзінің алатын үдеуіне ықпал ететін қасиеті..
А дененің уақыты;
В дененің үдеуі;
С дененің жылдамдығы;
Д дененің инерттілігі;
Е дененің импульсі
5. Ньютонның үшінші заңы:
А денелердің бір - біріне әрекет ету күштері модулі бойынша өзара тең және бағыттары бойынша қарама - қарсы;
В басқа денелермен өзара әрекеттеспейтін барлық денелер тыныштық күйін сақтайтындай немесе бірқалыпты және түзусызықты қозғалатындай инерциялық санақ жүйелері болады.
С денеде туындайтын үдеу оған әрекет етуші күшке тура пропорционал және оның массасына кері пропорционал.
Д екі дене бір - біріне массаларының көбейтіндісіне тура пропорционал және арақашықтықтарының квадратына кері пропорционал күшпен тартылады.
Е бүкіләлемдік тартылыс күші әрекетінен дененің дөңгелек орбита бойымен қозғалысы жүзеге асатын жылдамдық.

Бағалау критерийлері
Үй тапсырмасы

Толық нұсқасны жүктеу


Скачать


zharar.kz