Сабақтың тақырыбы. Геометрия және Мінез
Сабақтың мақсаты: Геометриялық фигуралар арқылы адам мінезін анықтау туралы білім беру. Танымдық психикалық қасиеттерін дамыту.
Адамгершілікке тәрбиелеу.
Сабақ түрі: Кіріктірілген.
Пәнаралық байланыс: Геометрия
Көрнекіліктер. Слайд, геометриялық фигуралар, карточка, А4 формат қағаз, стикер.
Сабақтың барысы.
1 Ұйымдастыру
2. Топқа бөлу
3. Конверт сұрақ тәсілі
4. Геометриялық тест
5 Сіздің ойларыңыз қайда бағытталған суретті тест
6Сөлемді толықтыру
7. Есеп шығару
8. Тыныштық сәті
9 Сергіту иә жоқ 4сұрақ
10. Шығармашылық тапсырмалар: \Ертегіні аяқтау\
\ Неше үшбұрыш бар екенін табу\
\Әріптерден сөз құрау\
11 Фигуралардан адам салу.
12Бағалау
13 Рефлексия
1. Ұйымдастыру
Сәлеметсіздер ме оқушылар. Бүгінгі өткізілетін сабағымызда сендермен бірігіп жоғары жетістікке жетеміз деген ойдамын. Сәттілік тілеймін.
2. Геометриялық фигуралар арқылы топқа бөлу. Әр топтан өздері таңдаған фигураны неге таңдағаны туралы сұралады. Оқушылардың ойын білгеннен кейін мұғалім өзі тестің мақсатын түсіндіреді.
Үшбұрыш - жігерлі, өзіне сенімді, тез шешім қабылдайды, қажырлы тұлға, лидер. Шыдымды, тәуекелшіл.
Төртбұрыш - батыл, барлық құбылыстарға қызығушылық білдіреді. Әуесқой. суық тиіп ауруға және жарақаттануға деген беталыстары басым.
Шеңбер:
- тұлғааралық қатынастарда үйлесімділікке талпынушы, байланысқа түсуші, мейірімді, жанашырлыққа қабілетті, жомарт;
- танымал емес шешім қабылдауға тырысады, басшылықта демократиялы басшылық стилін ұстанушы;
- күн тәртібі майыспалы, қоғамдық жұмыстарға бейім;
- тума психолог.
Сіздің ойларыңыз қайда бағытталған суретті тест.
Сіздердің алдыларыңызда тіктөртбұрыш, ортасы дөңгелекше диагоналдармен бөлінген. Сіз ағаштың суретін салыңыз. Оны қай жерге салуды өзіңіз қалайсыз
Тестің кілті.
Егер сіз ағашты шеңбердің ішіне салсаңыз, онда сіздің ойларыңыз өзіңізге және өзіңіздің армандарыңызбен қажеттіліктеріңізге бағытталған.
2. Егер сіз ағашты сол жақтағы 1 - 4 секторға салсаңыз, онда сіздің жауапкершілігің және тәрбиелігіңіз жоғары екенін, жақын адамдар үшін жанып күйетініңізді және достарыңызды жолда қалдырмайтыныңызды көрсетеді.
3. Егер ағашты сіз жоғарғы секторға 1 - 2 салсаңыз, онда сіздің ойларыңыз биікке және ұзаққа түрлі армандарға бағытталған.
4. Егер ағашты оң жақтағы 2 - 3 секторға салсаңыз, сіз өзіңіздің болашағыңызды ойлайсыз және қолдан келгеннің бәрін жасайсыз.
5. Егер ағашты төменгі 3 - 4 секторға салсаңыз, онда сіздің барлық ойларыңыз шынайы, Сізді қолмен ұстап, дәмін татып, түр - түсін ашып көрмеген заттар қызықтырмайды. Сіз жерде нық тұрсыз. Арманшыл емес, практиксіз. 6. Егер ағашты шеңбер жасай отырып барлық сектордың ішіне салсаңыз, онда сіз ертеңгі күніңізді ойлайсыз, өткенді де ұмытпайсыз.
Тыныштық сәті.
Денелеріңді түзу ұстап, бастарыңды жоғары көтеріп, ыңғайланып отырыңдар. Көздеріңді жұмсаңдар да болады. Ауаны терең жұтып, еркін тыныс алыңдар. Өздеріңнің тыныс алуларыңды бақылап, бақытқа, махаббат пен тыныштыққа толы таза, шипалы, ауаны тұла бойларыңа толғанын сезінесіңдер. Біздің жүрегіміз қайырымдылыққа, адамгершілік құндылықтарға толы екенін сезінеміз. Енді көзімізді ашуымызға болады. Ендеше жүрегіміздің жылуын бізді қоршап отырған адамдарға арнап көрейік.
Сергіту сәті
Адамның жеке дара ерекшеліктеріне мінез жата ма? Иә.
2. Мінез туа пайда болатын қасиет пе? Жоқ
3. Адам табиғаттың бір бөлшегі ме? Иә
4. Қоршаған ортаның мінезге әсері барма? Иә.
Фигуралардан адам салу. Сіз және сіздің өміріңіз тест
Төртбұрыш - әуестікті, бейбітшілікті, қызығушылық пен батылдықты ұнатады.
Шеңбер өзгені түсінуге қабілетті, байсалды, және сенгіш.
Үшбұрыш – қабілетті, жігерлі, намысқой, билікке ұмтылғанды ұнатады, тапқыр, сезімтал.