Оқушыларға туған өлке тарихы мен географиялық орны, халқы туралы мәлімет беру

Скачать

Мақтарал ауданына 85 жыл
Тақырыбы: Мақтарал мақтаныштары
Мақсаты: Білімділік: Оқушыларға туған өлке тарихы мен географиялық орны, халқы туралы мәлімет беру. Отанына шексіз берілген, патриоттық рухы жоғары ардагер ағалар ерлігін, өнегесін үлгі ету.
Дамытушылық: Оқушылардың ой - өрісін. Белсенділігін арттыру мақсатында қосымша өлкетану материалдарын пайдалануға дағдыландыру.
Тәрбиелілік: Отанын, елін сүюге, ұлтжандылыққа, туған жерін қорғауға тәрбиелеу.
Көрнекілігі: Қанатты сөздер, альбом, бүктеме Мақтарал ауданының тарихы туралы кітаптар, газеттер.
Сабақтың түрі: Кеш, кездесу сабақ.
Пән аралық байланыс: Тарих, әдебиет, география, музыка.

І. Кіріспе. (Мұғалімнің сөзі)
Жер шарының қай ендігі, экватордың қай белдеуінде жүрсең де қайта соғар, сағынышыңды басар темірқазығың – туған жер атты ұғым біреу. Сонымен рухани байланысыңды үзбесең ғана, айдарыңнан жел еспек. Өйткені өзге топырақ, өзге ауа, өзге су оның орнын толтырмақ емес . Шыңғыс Айтматов.
Шын мәнінде де солай - ау.
Әрбір адамзат үшін ата қоныс ең қасиетті қоныс болса, туған жер – ата - бабадан қалған асыл мұра. Біз үшін де туған жерімізден қасиетті, одан киелі қоныс жоқ жер бетінде.
Туған жердей – жер болмас,
Туған елдей – ел болмас, - деген емес пе даналарымыз?
Жас ұрпақ өзінің туған өлкесінің тарихын, туған елінен шыққан тұлғаларды, ел мақтаныштарына айналған азаматтардың өнегелі істерін біліп, өсуі міндет.
Бүгінгі тәрбие сағатымыз ауданымыздың 80 жылдық мерекесіне арналып, туған өлкеміздің тарихын, географиялық орны мен жағдайы, өмірлері өнегеге айналған абзал азаматтары жайлы болмақ.
Енді құрметті ұстаздар, қонақтар, ата - аналар ашық тәрбие сағатымызды Ауылым әнімен бастауға рұқсат етіңіздер.

1 - жүргізуші: Отан – отбасынан басталады
Туған жерімізді – Отан дейміз. Туған - туысқандармен, отандастармен бірге тұратын ата мекеніміз. Отан – адамның туып - өскен жерінен басталады. Әркімнің туып - өскен ауылы – оның кіші Отаны. Ол үлкен отанның, Қазақстан Республикасының құрамдас бөлігі. Өйткені әрбір ауыл, қала бүкіл Республикамызбен тығыз байланысты. Бүкіл елде болып жатқан тыныс - тіршілік оның түкпір – түкпірінде жалғасын табады.


Скачать


zharar.kz