Қандай құстарды білесің

Скачать

Сабақтың тақырыбы: Әр құстың өз тұмсығы қажет Сабақтың мақсаты: 1. Құстардың тұмсығының ерекшеліктерімен таныстыру және олар үшін
тұмсықтарының қорегін аулау үшін маңызы зор екенін түсіндіру
2. Сөздік қорын артыру, сөйлеу тілін дамыту. Құстар жөніндегі танымдық білімін дамыту.
3. Оқушыларды құстарды қорғауға тәрбиелеу.
Сабақтың көрнекілігі: Құстардың суреті, схема, қиылған құс суреті.
Сабақтың түрі: Аралас сабақ
Сабақтың әдісі: Түсіндіру, оқу, жұмбақ шешу, сұрақ - жауап.

Сабақтың жүрісі:
Ӏ. Ұйымдастыру бөлімі.
Оқушылардың оқу-құралдарын шығарып, үй тапсырмасын тексеру.

ӀӀ Жаңа сабақты түсіндіру
Оқушыларға сабақтың жүрісі туралы түсіндіріп өтемін.
- Біз оқып отырған бөлім қалай аталады?
- Жануарлар тіршілігі
1. Схема арқылы құстар туралы түсіндіріп өту.
- Балалар тақтадан ненің суретін көріп тұрсыңдар?
- Құстар
Зиянкестермен күреседі
Еті, жұмыртқасы, мамығы
құрт - құмырсқамен қоректенеді
Жұп құрып, ұя салып, жұмыртқадан балапан өргізіл, көбейеді
үй құстары жабайы құстар

- Құстардың жойылып бара жатқан түрін қызыл кітапқа енгізеді және оларды арнайы қорықтарға қорғауға алып, санын молайтады. 1922 ж. Құстарды қорғаудың Халықаралық кеңесі құрылды. Халықаралық табиғат қорғау одағының “Қызыл кітабына” құстардың 209 түрі мен 83 түр тармағы, ал Қазақстанның “Қызыл кітабына” 56 түрі енгізілген. олар: Қарақұс, қоңыр кептер, қызылжемсаулы қарашақаз, құртамыш шалшықшы, кіші аққу, кезқұйрықты субүркіт, көкқұс, лашын, сары құтан, сақалтай, сүйір тұмсықты шалшықшы сұңқылдақ аққу т. б.

Осы құстарға қарай отырып ата - бабаларымыз ауа - райын болжаған.
- көңілдене сайраса - келер күн ашық; - үндері тынса, күн күркірейді;
- жыл құстары топтанып қайтса — келер қыс қатты;
- жыл құстары топ - тобымен бір мезгілде оралса, көктем тез кіреді;
- жер бауырлап ұшса, ауа райы бұзылады;
- күзде ұясын күн түсетін жаққа салса - қыс суық, көлеңке бетке салса, жылы болмақ;
- қыста үй төңіректей жиналып қиқуласа, қарды қазса, күн суытады.
- Қарылғаш бірде төмендеп, бірде биіктеп ұшса, дауыл соғады;
- Қарылғаш биіктей ұшса, ауа райы жақсарады, төмен қалықтаса, бұзылмақ. Т. б

1. Тапсырма Өткен сабақты қайталау барысында тест сұрақтарына жауап аламын.
Тест сұрақтары
1. Жануарлар неше топқа бөлінеді
а) 4
ә) 2
б) 6
2 Сүтқоректі жануарлар деп неге атайды?
а) төлдерін үнемі қасына ертіп жүреді
ә) Олар төлдерін емізіп, сүтпен асырайды
б) Далада жүретін болғандықтан
3. Бунақденелілерді тап
а) балық, бақа
ә) қасқыр, ит, түйе
б) балара, көбелек, шыбын
4. Қосмекенді сөзі қандай ұғымды білдіреді?
а Суда жүзеді
ә) Екі мекені бар
б) құрлықта жүреді
5. жыртқыштар деп қандай жануарларды айтамыз?
а) Жануарларды тірілей ұстап жейтін
ә) өлекселерді жейтін
б) құрт - құмырсқамен қоректенетін

Суретпен жұмыс, Сурет арқылы жаңа тақырыпты түсіндіру
Құстар шайнай алмайды. Себебі олардың тістері жоқ. Сондай - ақ бұлардың тұмсықтары да бұл үшін бейімделмеген. Тамақтары қорытылу үшін олар майда тастарды және ірі қиыршықтарды жұтады. Тастар ірі азықтарды майдалап, тістің рөлін атқарады.

Тоқылдақ — тұмсығы қашау сияқты, ағашқа өрмелегіш құстар. Тоқылдақтар ағаш бойымен өрмелеп қозғалғанда, қатты құйрық қанаттары денесіне тіреу болады. Қашау сияқты тұмсығының жәрдемімен олар ағаштардың қабықтарын сындырып, оның, арасындағы насекомдармен және олардың личинкаларымен қоректенеді. Олардың тілі ұзын да, ұшында түктері болады. Тоқылдақтар насекомдардан басқа қарағайдың тұқымдарымен де қоректенеді. Қоректерін іздеу кезінде жасаған қуыстарға ұяларын сала - ды. Ұясында 3 — 5 жұмыртқа болады. Орман шаруашылығында тоқылдақтардың пайдасы үлкен. Олар күн сайын бірнеше жүз зиянды насекомдарды қырады. Тоқылдақтар әсіресе жаз айларында пайдалы, өйткені, олар бұл кезде насекомдармен қоректенеді. Қыста тоқылдақтар көпшілігінде қылқанды ағаштардың дәндерімен қоректенеді. Сондықтан да халық “тоқылдақ — тоғай дәрігері” деп атайды.

Бірқазан - олар Каспий және Арал теңіздерін, Балқаш, Сасықкөл көлдерінің алабын мекендейді. Дене тұрқы 1, 8 м - дей, салмағы 13 килограммға дейін жетеді. Тұмсығы өте ұзын, төменгі жақ сүйегінің астында созылмалы тері қапшығы болады.. Бірқазан – топтанып жүретін құстар. Олар қоректерін (балықтарды) көбіне су құзғындарымен бірлесіп аулайды. Суда жақсы жүзгенмен, сүңги алмайды, жемін суға басы мен мойнын батырып жіберіп ұстайды. Бірқазан – жыл құстары, наурыз айында ұшып келіп, өніп - өсіп, қараша айында жылы жаққа ұшып кетеді.
Сары ала қаз – Қазақстанның барлық жерінде кездеседі және ұялайды. Таулы су қоймаларын мекендейді. Өсімдік (дән дақылдармен, тары, бидаймен) жануар (шаян, бунақденелермен) қоректенеді.

Сыбырлақ аққу – Солтүстік Каспийде, Түркістан мен Шымкенттің оңтүстігінде қыстайды. Негізінен су астындағы өсімдіктердің бөлігімен, ұсақ-түйек жануар тектес азықтармен де қоректене алады.
Жалпақ тұмсықты үйрек – Сулы - батпақ алқаптардың бәрінде ұялайды. Жануар тектес азықтармен (шаян, қоңыз, өрмекші, шабақ, биттермен) қоректенеді.

Бүркіт - қомақты биік тұмсығы және ұзын жалпақ қанаты бар ірі жыртқыш құс. Негізінен балықтармен және су құстарымен қоректенеді. Қоян, құмтышқан және ондатрларды аулайды.

Дала қыраны – Мықты тұмсығы және күшті аяғы бар, тілерсегі саусағына дейін барлық жағынан қауырсынданған, ірі және орташа құстар. Қуаң далалы, шөлді және шөлейтті жерлерде мекендейді. Негізінен кеміргіштермен қоректенеді. Басқа сүтқоректілерді, құстарды, бауырымен жорғалаушыларды аулайды. Қазақстанның қызыл кітабына енгізілген. Тудағы бейнесін байланыстыру ( Қанатын жайған қыран құс — бар нәрсенің бастауындай, билік, айбындылық бейнесі. Ұлан - байтақ кеңiстiкте қалықтаған қыран ҚР - ның еркiндiк сүйгіш асқақ рухын, қазақ халқының жан - дүниесiнiң кеңдiгiн паш етеді).
Ақ сұңқар - шіл, кептер, ұзақ, қарға, құрларды қоректенеді; қояндарға да шабуыл жасайды. Өте жақсы саятшы құс. Қазақстанның қызыл кітабына енгізген.

ӀӀ тапсырма. Мәтінмен жұмыс.
Оқып мазмұнын түсіну. Оқушыларға оқыту. Бейімділік сөзіне түсінік беру.

Бейімділік - Жануарларға тіршілігін сақтауға, жыртқыштан құтылуға, көмектесетін қасиет. Бейімділік жануарлардың сыртқы түрінде, түсінде, жекеленген мүшелеріндегі құрылысында көрінеді. Табиғат жағдайы жер бетінің барлығында бірдей емес. Сондықтан жануарлар тіршілігіне бейімділік қажет.

ӀӀӀ тапсырма
Мен саған, сен маған ойыны арқылы екі қатар жұмбақтар айтып, шешімін табу.
ӀV тапсырма
Бұл қай құс ойыны. Онда конверттің ішінде қиылған құс бөлшегін құрастырып, сол құс туралы айту және мақал айту.
Мысалы: Аққу - киелі құс. Ол суда жүзеді Мақал: Аққуды атпа, досыңды сатпа.
V тапсырма
А) Тоқылдақ пен бірқазан, бүркіттің ортақ қасиеттерімен, айырмашылықтарын айту.
Бүркіт тоқылдақ

Ә) Әр топқа берілген құстардың суретіне қарап, ауа - райын болжауға арналған болжамдарды айту.
VӀ тапсырма
Сен білесің бе? ойыны арқылы сұрақ - жауап жүргізу.
1. Қандай құстарды білесің?
2. Қандай жабайы құстарды білесің?
3. Сөйлейтін қандай құс?
4. Әнші құс деп қай құсты айтады?
5. Қызыл кітапқа енген қандай құстарды білесің? Не себепті қызыл кітапқа енгізген?
VӀӀ тапсырма Құстар біздің досымыз тақырыбына шығарма жазу және оқыту.

ӀӀӀ Сабақты қорыту
- Бүгін қандай тақырыпты өттік?
- Әр құстың өз тұмсығы қажет

Үйге тапсырма:
1Мәтінді оқу түсінгенін айту.
2 Құстардың суретін салу
Оқушыларды бағалау, мақтау


Скачать


zharar.kz