Мың бір мақал, жүз бір жұмбақ (тәрбие сағаты)
Мақсаты: Қазақ халқы сөз қадірін біліп, қасиетті сөздерді аузынан тастамай, қастерлеп келе жатқан халық екенін түсіндіре отырып, оқушылардың тіл байлығын, сөздік қорын дамыту және ойлау, есте сақтау қабілетін дамыту.
Көрнекіліктері: слайд, мақал - мәтелдер, жұмбақтар.
Жоспары:
• Ойынды ашу
• Ойыншыларды таныстыру
• Әділқазылармен таныстыру
• Ойын тәртібін түсіндіру
• Мақалшылар сайысы I айналым
• Көрермендермен ойын(Мақал - мәтелден айтыс)
• Жұмбақшылар сайысы II айналым
• Көрермендермен ойын (Жұмбақ шешу)
• Мақалшы, жұмбақшы сайысы III айналым
• Керекті санды қойып, мақалды жалғастыру
• Ән шашу
• Қорытынды
I Құрметті ұстаздар, оқушылар, сайысқа қатысушы ұландар. Бүгін
7 сынып оқушыларының аралығында өтетін Мың бір мақал, жүз бір жұмбақ сайысын бастауға рұқсат етіңіздер.
Мақал айтып көрейік демекші бүгінгі сайыстың I айналымында мақал айту сайысы. Ендеше ортаға бүгінгі сайыстың I айналымына қатысатын мақалшыларды шақырайық.
Мақалшыларымыз өздерін таныстырып өтсін!
Ойынды бастамас бұрын мен сіздерді осы сайысқа әділ баға беретін, әр айналымның есебін шығарып, қорытындысын айтатын әділқазылармен таныстырып өтейін.
I айналым 2 тапсырмадан тұрады.
1 - тапсырмада мақалдың алғашқы жолын жүргізуші оқиды, ал ойыншы жалғастырады. Жалғастыра алмаса, көрермен жалғастырады.
Әр ойыншыда белгі болады. Сол белгіні көтеру арқылы берілген тапсырмаларға
кезегімен жауап береді.
2 - тапсырмада екі ойыншы қалып, ұпайды аз жинаған мақалшы ойыннан шығады. Ұпай саны аз ойыншы мақал айтады, екінші ойыншы сол мақалда кездескен сөзі бар келесі мақалды айтады.
Мысалы: Отан - елдің анасы Отанды сүю отбасынан басталады.
Ел - ердің анасы
Тапсырмалар түсінікті болса, сайысты бастайық.
I тапсырма:
Ананың көңілі балада, Ананың сүті – бал,
Баланың көңілі далада. Баланың тілі бал.