Оқушыларды фигуралар арқылы бағалау

Скачать

5 санын қосу және азайту (презентациясымен)
1 класс
Сабақтың мақсаты: сандар құрамы туралы білімдеріне сүйене отырып, қосу және азайту амалдарының өзара байланысын түсіндіру;
білімділік: 5 санын қосу және азайтудың тәсілдерімен таныстыру.
тәрбиелік: адамгершілікке, достыққа, ұжымшылдыққа, ұқыптылыққа, тапқырлыққа тәрбиелеу;
дамытушылық: есте сақтау қабілетін, ой - өрісін, сабаққа қызығушылығын арттыру;
Түрі: дәстүрлі
Типі: аралас сабақ
Әдістері: сұрақ - жауап, түсіндіру, индуктивтік
Көрнекілігі: кеспе сандар, фигуралар, сызбалар, кеспе қағаздар

Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру
Біз оқушы баламыз,
Қағаз, қалам аламыз.
Ұстазымыз үйреткен,
Сандарды ұғып жазамыз.

ІІ. Тірек білімдерін жетілдіру
Алма бағы жайнаған,
Қызыл алма айналам.
Алдым үзіп екеуін,
Тағы да алдым үшеуін
Алдым сонда нешеуін (5 )

Аудан сөзінде неше әріп неше буын бар?
Биыл Шалқар ауданына 80 жыл толды.
5 санының құрамын анықтау.
5 =2+3
5=4+1
5=5 - 0

ІІІ. Жаңа сабақ
Қоянға сәбіз жинауға көмектесеміз.
Ол үшін мына өрнектердің мәнін табу керек.
1+5 3+5 5+5 7 - 5 9 - 5
2+5 4+5 6 - 5 8 - 5 10 - 5
Сергіту сәті
Құлақтары жыбырлап,
Ақ қояным отырды.
Тоңып қалып қолдары
Шапалақтап секірді.
№1
5 + 1 =6
5 + 2 =7
5 + 3 =8
5 + 4 =9
5 + 5=10

№2
5 санының қосу және азайту кестесін жазу.
1+5 =6 ----- 6 - 5=1
2+5=7 ------ 7 - 5=2
3+5=8 ------ 8 - 5=3
4+5=9 ------ 9 - 5=4
5+5=10 ---- 10 - 5=5
№3
Ұяда 9 балапан отырды. 5 балапан ұшып кетті. Неше балапан қалды?
Отырды - 9
Ұшып кетті - 5
Қалды -?
9 – 5=4
Жауабы: 4 балапан
№4
Өрнектің мәнін табу.
10 - 10 ------ 7+2 ------- 6 - 4 ------- 7 - 2
6+2 ---------- 8 - 0 ------- 7+0 ------- 5+3
4 - 2 --------- 4+2 -------- 6+3 ------- 9 - 9
Логикалық тапсырмалар
1. Екі баланың аяғы нешеу?
2. Үш сиырдың мүйізі нешеу?
3. Төрт қойдың басы нешеу?

ІV. Бекіту
Сабақты қорытындылау.
Оқушыларды фигуралар арқылы бағалау.
Үйге: №5есеп


Скачать


zharar.kz