Бір - біріне қарама - қарсы қозғалыс

Скачать

Тақырыбы: Бір - біріне қарама - қарсы қозғалыс. Жақындау жылдамдығы.
Мақсаты: 1. Бір – біріне қарама - қарсы қозғалыстарға есептер шығару әдістерімен таныстыру, жақындау жылдамдығы деген ұғым беру.
Оқушыларды қозғалысқа қатысты есептерді шығару дағдыларын, ақыл - ойын, ой - өрісін, танымдық қабілеттерін, логикалық ойлауын дамыту.
Пәнге деген қызығушылығын арттырып, өз ойын қорытындылай білуге баулу.
Оқушыларды біліктілікке, тез әрі дұрыс жауап беруге, ұйымшылдыққа және белсенді болуға тәрбиелеу.
Сабақ түрі: топтық - жарыс.
Әдісі: түсіндіру, Ой ашу стратегиясы, сұрақ - жауап, топтық жұмыс, логикалық
тапсырма, көрнекілікпен жұмыс, жұптық жұмыс, графикалық тест жұмысы.
Пәнаралық байланыс: әдебиет, дүниетану, бейнелеу, еңбекке баулу.
Көрнекілігі: Сызбалар, кестелер, тест тапсырмалары, қозғалысқа қатысты формулалар, интерактивті тақта, слайд.

Сабақ барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі.
Оқушылардың дұрыс отыруын, оқу құралдарын толық алуын қадағалап, назарын сабаққа аударамын.
Сәлемдесу
Бүгінгі күн терезеден,
Бізге, міне, тұр қарап.
Сондай жақсы көңіл күймен,
Басталады бұл сабақ.
Оқушылар математикалық шамалар арқылы топтарға бөлінеді.
І топ: Қозғалыс - Ұраны: Қозғаламыз алға біз, кедергіге қарамай!
ІІ топ: Жылдамдық Ұраны: Жылдамдықты сақтаймыз, жарысуды бастаймыз!
Бүгінгі сабағымыз ерекше және жарыс түрінде өтеді, сабаққа белсене қатысып,
өз білімімізді көрсете білейік.
– Балалар таңертең тұрғанда күнді дене жаттығуларынан бастайтын сияқты сабағымызды Ой жаттығуларынан бастайық.

ІІ. Ой ашу стратегиясы
1. бөлім:
2. Жылдың төртінші айы? (Сәуір)
3. Бүгін аптаның қай күні? (Сәрсенбі)
4. 120 мен 3 тің көбейтіндісі? (360)
5. Шаршы, тік төрт бұрыш, үш бұрыш нелер? (геометриялық фигуралар)
6. Есік қандай геометриялық фигура? (тік төрт бұрыш)
6. 2015 жылы 4 қыркүйекте қазақ үшін қандай жаңалық болды? (Айдын Айымбетов ғарышқа ұшты)
7. Қазақтың тұңғыш математигі? ( Әлімхан Әбеуұлы Ермеков)
8. Пайдалы қазбалар неше түрге бөлінеді? (3-ке)
(Жауапты дұрыс берген топтың ұпайын санап отырамын. )

ІІІ. Үй тапсырмасын тексеру: №3. (Ауызша оқиды)
ІV. Өткенді қорыту:
Әр топқа өткен тақырып бойынша сұрақтар қойылады.
І. Топ Үйден кітапханаға дейінгі арақашықтық 1800м. Осы арақашықтықты оқушы 30 минутта жүріп өтті. Ол қандай жылдамдықпен жүрді? (60 м мин)
ІІ топ Жүк машинасы 200 км жолды 4 сағатта жүріп өтті. Оның қандай жылдамдықпен жүргенін тап.(50км сағ)
ІІІ топ Мотоциклші 120км арақашықтықты 2 сағатта жүріп өтті. Ол қандай жылдамдықпен жүрді? (60км сағ)
ІV топ Велосипедші 8 км сағ жылдамдықпен 8 сағат жол жүрді. Сол қашықтықта 4 сағатта жүріп өту үшін ол қандай жылдамдықпен қозғалуы керек? (16 км сағ)
– Сонымен қозғалысқа қатысты қандай ұғымдармен таныспыз? (балалар жауабы)
1. Жаңа сабақ:
- Бүгінгі сабағымызда бір – біріне қарама – қарсы бағыттағы қозғалыстарға есептер шығаруды жалғастырамыз.
Күн ретін жазамын. Көркем жазу:
Бөлуді орында және оны көбейту арқылы тексер:

Бір - біріне қарама - қарсы қозғалыс. Жақындау жылдамдығы. жүктеу


Скачать


zharar.kz