Гүлге жатпайтын өсімдіктер

Скачать

Жұлдызды сағат
22 Наурыз ұлыстың ұлы күніне арналған сайыс сабағы.

1. Құттықтау сөз:
Құрметті ата - аналар, ұстаздар, оқушылар, Наурыз - парсы тiлiнде - Жаңа күн деген сөз.
Наурыз - қазақша жыл басы. Жаңа жыл күнінің аты - Ұлыс
Сол себептен Ұлысты - Наурыз дегiзген. Ұлыс күні құтты болсын! Жаңа Жыл қайырлы болсын! Жаңа бақыт нәсiп болсын! Ақ мол болсын! Қайда болсаңыздар да жол болсын!
Ендi назарларыңызға Жұлдызды сағат сайысын ұсынамыз.

I. Қатысушылардың шығуы және сыйлықтарын қорғау.

ІІ. Экрандағы көрсетілгендерді шешу.

1) Қай портреттегi адам теңгеде кездеседi?
А) Халық қаһарманы - ТОҚТАР ӘУБӘКIРОВ.
Э) Жыр алыбы ЖАМБЫЛ.
Б) Халық әpтіci ЕРМЕК СЕРКЕБАЕВ.
В) Абылай хан.
г) Мұхтар Әуезов.
д) Ақыл ойдың алыбы - Абай Қунанбаев.
Е) Қаз дауысты Қазыбек би
Ж) Қазақстанның халық жазушысы, ақын - Олжас Сулейменов.

2) Гүлдердiң атауларын дұрыс тап.
А) Раушангүл Б) Көккекре Г) Бақ - бақ Е) Қалампыр
Ә) Түймедақ В) Бәйшешек Д) Қызғалдақ Ж) Жауқазын

3) Көктемдi ашатын алғаш гүл.
А) Жауқазын Б) Қызғалдақ Г) Інжу гүл Е) Бәйшешек
Ә) Көккекре В) Лалагүл Д) Орман бүлдіргені Ж) Күнбағыс

4) Гүлге жатпайтын өсімдіктер.
А) Жауқазын Б) Қызғалдақ Г) Інжу гүл Е) Бәйшешек
Ә) Көккекіре В) Лалагүл Д) Орман бүлдіргені Ж) Күнбағыс

5) Қай өсiмдiктен май алынады?
А) Жауқазын Б) Қызғалдақ Г) Інжу гүл Е) Бәйшешек
Ә) Көккекре В) Лалагүл Д) Орман бүлдіргені Ж) Күнбағыс

6) Көктемнің. келгенiн қай құстан бiлемiз?
А) Ұзақ Б) тырна Г) Сары шымшық Е) шағала
Ә) бүркіт В) Көкқұтан Д) Көкек Ж) Ләйлек
Ш. Кубикте берiлген әрiптерден сөз құрастыру. Ең ұзын соз. А, А, А, Л, Б, Қ, Т, Ы, Н, З, П

ІҮ. Жұлдызша берiп өзiне сыйлық алу.

Ү. Сұрақ сайысы. (Төрт-түлiкке байланысты.)
1. Төрт түлiктiң бәрi қатысатын ертегі.
А) Бөдене мен торғай Б) Алтын құс Г) Он екі ай Е) Бауырсақ
Ә ) Алтын сақа В) Шалқан Д) Ертөстік Ж) Қожанасыр
2. Төрт түлiкке жататыны
А) Мысық Б) Сиыр Г) түлкі Е) Қасқыр
Э) Аю В) Ит Д) Қоян Ж) Tиiн
3. Қай өсiмдiктерден малға силос дайындайды? (өсiмдiктердi алып турап, тұздап, азық
дайындайды - соны силос деп атайды.)
А) Апельсин Б) Қауын Г) Пияз Е) Таңқурай
Э) Шалқан В) Қымыздық Д) Жүгерi Ж) Күнбағыс

Ү. Финал. ҚАРЛЫГАШ.
Қар. Ғарыш. Ара. Арал. Лак. Ақ. Аю. Ағаш. Ала. Ар. Шал. Қыр. Шар. Шың, Алаш. Алаша.
Қатысқан оқушыларды марапаттау. Жеңімпазды ерекше марапаттау.


Скачать


zharar.kz