Сабақтың тақырыбы: Borland Delphi және оның негізгі жұмыс принциптері
Құзіреттіліктің қалыптастырудағы сабақтың мақсат - міндеттері:
А) проблеманы шешу жолдары Delphi интегралды ортасында Standard панелі компоненттерімен жұмыс жасау, яғни компоненттерді формаға орналастыру, компоненттердің қасиеттерін өзгерту, компоненттерге оқиға жазу, оқиғаларды өңдеу жұмыстарын жүргізуді және қолданбаны орындауға жіберуді үйрету.
Б) ақпараттық Студенттердің алған теориялық білімдерін практика жүзінде орындау дағдыларын шыңдау. Студенттердің таным белсенділігін арттыра отырып, шығармашылық, ойлау қабілетін дамыту
В) коммуникативтік Объектілер инспекторы және объектілер құрылымы, жоба құру негіздері
Сабақ түрі: Лабораториялық сабақ
Сабақ типі: жаңа білімді меңгерту сабағы
Сабақта қолданылатын технологиялар: АКТ, жеке және топтық оқыту әдістері
Пәнаралық байланыс: Математика, ағылшын
Оқыту құралдары: Лабораториялық жұмыстар
Сабақ барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі
ІІ. Өткен материалдарды пысықтау
ІІІ. Жаңа материалдарды түсіндіру
ІV. Жаңа білімді меңгерту
V. Үй тапсырмасын беру
ІІ. Өткен материалдарды пысықтау
1. Алгоритм (Белгілі бір нәтижеге жету үшін орындалатын әрекеттердің тізбегі)
2. Блок – схема (Алгоритмді көрсетудің графикалық түрі, алгоритмнің әрбір амалы өзіне сәйкес геометриялық фигурамен жазылады)
3. Массивтің жазылуы (ARRAY)
4. а = 2sin2x Турбо Паскальда жазылуы (a:=2*sin(2*x))
5. Паскаль тілінде div және mod мағынасы (бүтін және қалдық)
6. 10 div 3 өрнегінің мәні (3)
7. Векторлық массив (Бір өлшемді массив)
8. : амалы Паскаль тіліндегі мағынасы (меншіктеу операторы)
9. Save командасы орналасқан меню (File)
10. 5 mod 2 операциясының нәтижесі (1)
11. |x|- Паскаль тілінде жазылуы (abs )
12. Таңдау операторы (case of)
ІІІ. Жаңа материалдарды түсіндіру
Delphi бағдарламасын жүктейік. Сонда экраннан оның төмендегі 4 терезесі көрінеді.
Осылардың тұтас созылып жатқаны – бас терезе. Сол жақтағысы – обьектілер терезесі. Ол терезеде осы бағдарламаны құрайтын компоненттердің қасиеттері беріледі. Ортасында бірінің үстіне бірі орналасқан екі терезе – болашақ бағдарламаның Пішіні формасы және бағдарламасы бар терезе тұр. Пішін терезесі енді дайындалатын бағдарламаның визуалды көрінісі болып табылады.
Дельфи - де бағдарлама дайындау үшін мына әрекеттерді орындау жеткілікті:
1. Бас терезедегі үшбұрышты жасыл бағдаршаға маус нұсқағышын қойыңыз;
2. Сол кезде Run(F9) көмек сөзі көрінеді;
3. Осы батырманы басамыз (немесе F9 пернесін);
4. Міне дайын бағдарлама алдық.
Бағдарлама әдетте, C:\Program Files\Borland\Delphi7\ Projects бумасында құрылады.