Қазақ тілі 7 сынып
Сабақтың тақырыбы: Болжалды сан есім. Салауатты өмір салты.
Сабақтың мақсаты:
Білімділік: Тақырып бойынша мәлімет беру. Оқушылардың оқу техникасын күшейту, аударма жұмыстарына көңіл бөлу. Жүйелі сөйлеуге, тақырыпты жүйелі баяндауға үйрету, төселдіру.
Дамытушылық: Тапсырмалар жазу арқылы ойлау қабілеттерін дамыту. Оқушылардың тіл белсенділігін, жазу мәдениетін дамыту. Ой - өрістерін, есте сақтау қабілеттерін дамыту. Сөздерді меңгерту арқылы сөздік қорларын, тіл байлықтарын байыту.
Тәрбиелік: Тазалыққа, ұқыптылыққа баулу.
Сабақтың түрі: аралас сабақ.
Сабақтың әдіс - тәсілдері: Түсіндіру, сұрақ - жауап, әңгімелесу, тіл дамыту.
Сабақтың көрнекілігі: Кітап, суреттер. Грамматикалық кесте
Пәнаралық байланыс: Орыс тілі. Қазақ әдебиеті
Сабақтың барысы: I. Ұйымдастыру кезеңі:
1. Сәлемдесу.
2. Сыныптағы оқушыларды түгендеу, келмеу себебін сұрау, білу.
3. Оқушылардың көңілін сабаққа бейімдеу, ыңғайлау.
II. Өткен сабақты қайталау, пысықтау.
Аударма диктант:
Умывальник -
Полотенце -
Невежа -
Разозлиться -
Крышка -
Важничать -
умываться -
мыло -
не смог молча лежать -
грязь -
спор -
отстать -
быть побежденным -
не подходил -
закончиться -
III. Жаңа түсінікті қалыптастыру: 1. Кіріспе сөз
2. Сөздікпен танысу: салауатты өмір салты - здоровый образ жизни
Серуен - прогулка
Таза ауа - чистый воздух
Еңбек демалысы - отпуск
Жат әдеттер - вредные привычки
А) сөздерді дұрыс айту; Ә) сөз тіркестерін құрап айту.
3. Мәтінді оқу, түсіну, аудару.
4. Болжалды сан есім туралы түсінік қалыптасытыру
Болжалды сан есім неше? Қанша?
Жасалу жолы:
1. – дай,- дей,- тай,- тей, лап - леп, - дап,- деп,- тап,- теп, - лаған,- леген, - даған,- деген Мысалы: жүздей, жүздеп. жүздеген
2. Шамалы, астам, жуық, жақын сөздерінің тіркесуімен жасалады. Мысалы: жүзден астам, онға жуық
IV. Жаңа сабақты бекіту: 1. Сөйлемдерді аудару, болжалды сан есімдердің жасалуына тоқталу:
Концертке екі жүздей адам жиналды. Ауылға дейін жүз елуге жуық километр. Сабақтың аяқталуына бес минуттай қалды. Қалада үш жүз мыңға жақын тұрғын тұрады. Оның үйіндегі кітапханасында екі жүздей кітап бар. Мәжіліс залында алпыс - жетпістей адам жиналыпты. Ұшаққа жүз шақты адам кірді.
2. Жазылым - 2 - тапсырмадағы сөйлемдерді толықтыру
Салауатты өмір салтына...
Кешкі тамақтан соң...
Ұйқының пайдасы...
Әр адам жыл сайын...
V. Сабақты қорыту: А) тірек - сызбаны пайдалана отырып, сөйлемдер құрастыру
Болжалды сан есім. Салауатты өмір салты. жүктеу
Сабақ жоспарының толық нұсқасын қарау