Сөздер мен сөз тіркестері

Скачать

Қазақ тілі 7 сынып.
Сабақтың тақырыбы: Ғаламтор құрамының элементтері
Сабақтың мақсаты:
Білімділік: Ғаламтор құрамының элементтері тақырыбы бойынша мәлімет беру. Оқушылардың оқу техникасын күшейту, аударма жұмыстарына көңіл бөлу. Жүйелі сөйлеуге, тақырыпты жүйелі баяндауға үйрету, төселдіру.
Дамытушылық: Тапсырмалар жазу арқылы ойлау қабілеттерін дамыту. Оқушылардың тіл белсенділігін, жазу мәдениетін дамыту. Ой - өрістерін, есте сақтау қабілеттерін дамыту. Сөздерді меңгерту арқылы сөздік қорларын, тіл байлықтарын байыту.
Тәрбиелік: Тазалыққа, ұқыптылыққа баулу.
Сабақтың түрі: жаңа сабақ.
Сабақтың әдіс - тәсілдері: Түсіндіру, сұрақ - жауап, әңгімелесу, тіл дамыту.
Сабақтың көрнекілігі: Кітап, суреттер. Грамматикалық кесте
Пәнаралық байланыс: Орыс тілі. Қазақ әдебиеті

Сабақтың барысы: I. Ұйымдастыру кезеңі:
1. Сәлемдесу.
2. Сыныптағы оқушыларды түгендеу, келмеу себебін сұрау, білу.
3. Оқушылардың көңілін сабаққа бейімдеу, ыңғайлау.

II. Жаңа түсінікті қалыптастыру: 1. Кіріспе сөз
2. Жазылым – 3 - тапсырмадағы көп нүктенің орнына тиісті жалғауларын қойып жазыңдар. Мәтінді әңгімелеңдер.
Журнал – сіз... Интернетте жасаған саяхатыңыз... барысын қарап шығуға мүмкіндік беретін жүйе. Интернет Explorer сіздің Интернет... жасаған әрбір қадамыңыз... өз бетімен тіркеп отырады. Сіздің кіріп - шыққан веб - торапқа деген сілтемелері бар бұл жазбалар журнал қалтасы... сақталып тұрады.
1. Тірек сызбаны пайдалана отырып, әңгіме құрастыру:

IV. Жаңа сабақты бекіту: Төмендегі сөздер мен сөз тіркестерінің аудармаларын анықтаңдар.
Сөздер мен сөз тіркестері -------- Аудармалары
1. байланыс жасау --------------- 1. можно сказать
2 телефон желісі ---------------- 2. управлять
3. көмек ----------------------- 3. телефонная связь
4 басқару -------------------- 4. помощь
5. айтуға болады ------ 5. связываться

V. Сабақты қорыту: Сұрақтарға жауап беру:
- Интернет құрамына кіретін элементтерді атаңдар.
- Электронды поштаның атқаратын қызметі қандай?
- Браузер деген не?
- Журнал қандай мүмкіндік беретін жүйе?
- Осы тақырыпқа байланысты жаңа сөздерді атаңдар.
VI. Үй тапсырмасын беру: 245 - бет 4 - тапсырма мазмұндау
VII. Бағалау. Рефлексия

Сабақ жоспарының толық нұсқасын қарау


Скачать


zharar.kz