Құстардың дауысы өте әдемі

Скачать

Тәрбие сағаты
Тақырыбы: Құстар
Мақсаты: Топтағы тәрбиеленушілердің сөздік қорын дамыту, дыбыстарды айта білуге үйрету. Құстар туралы түсінік беру, оларға деген қамқорлық, сүйіспеншілік сезімдерін ояту.
Амал - тәсілдер: Әңгімелеу, ойын.
Көрнекілігі: Суреттер

Барысы: Балаларды шаттық шеңберге тұрғызу.
Амансың ба нұрлы күн!
Амансың ба қара жер!
Аман - есен болайық!
Бейбітшілік қалайық!

Балалар мен сендерге жұмбақ жасырғым келіп тұр, сендер тауып көріңдерші?
Балалармен таңдасып,
Жазда бақты қорғайды.
Шиқ - шиқ дейтін даусы бар
Бірақ өзі ұшады (Торғай)

- Бұл не? Қане ойланамыз.
- Өзі ағаш басында отырады, ұшады, бұл не болды екен?
- Балалар өз жауаптарын айтады
- Дұрыс балалар бұл торғай.

Сергіту сәті:
Қарлығаш боп ұшайық,
Торғай болып қонайық,
Сауысқан боп секіріп,
Бүркіт болып самғайық,
Қане қанат жазайық
Ұшып - ұшып алайық,
Орнымызға қонайық.

Табиғатты құрайтын бөліктердің бірі - құстар. Адамдар ежелден ақ құстарға әуес. Оларға деген сүйіспеншілігі шексіз. Ең жақсы көретін адамды құсқа теңеген. Құстар бау – бақшаның әні, емшісі.
Құстар біздің досымыз.
Құстардың пайдасы өте орасан зор. Олар ағашты, жердегі зиянды құрттарды жейді. Құстардың дауысы өте әдемі. Олар бақтың сәні.
Қарға, қарлығаш, тоқылдақ, сауысқан, қаз - үйрек бұлардың барлығы құстарға жатады.

Қорытындылау
Балаларды жеке - жеке мақтап мадақтау.


Скачать


zharar.kz