Тақырыбы: Ұлттық тағамдар
Сабақтың мақсаты:
Білімділік: Қазақтың ұлттық тағамдары жайлы білу, ұлттық тағамдар маңызды екенін түсіне білуге және түсінгендерін айта білуге дағдыландыру.
Тәрбиелік: Оқушы бойында ізгілік, мейірім, адамгершілік сапаларының жетекші сапалар ретінде қалыптасуына құлшыныс тудыру. қазақ халқының салт - дәстүрін білуге, қонақжайлылыққа тәрбиелеу.
Дамытушылық (кәсіби - біліктілік): оқушылардың өзара пікір алысу, ортақ ой тұжырымдау, оны көпшілік алдында айта алу дағдыларын жетілдіру. Ұжымда өзара әрекеттестікте жұмыс істеу біліктіліктерін дамыту.
Сабақтың тегі: меңгерген жаңа материалды жинақтау және жүйелеу сабағы
Сабақтың түрі: Дәстүрлі емес сабақ, пікірталас, жарыс сабақ.
Сабақтың әдіс-тәсілдері: интерактивті әдістер, сыни ойлау әдісі, ойға шабуыл, ойталқы, пікірсайыс, коммуникативтік әдіс, проблемалық ізденіс әдісі.
Сабақтың жабдығы: интерактивті тақта, ұлттық тағамдардың суреті, энциклопедиялар, жұмыс дәптерлері, таратпалы материалдар, т. б.
1. Сабақтың барысы:
2. Ұйымдастыру. (оқушыларды екі топқа бөліп отырғызамын)
1. Сәлемдесу
2. Сабақтың тақырыбымен, мақсатымен таныстыру
І кезең. Қызығушылықты ояту сатысы.
1. Оқушылардың қызығушылығы мен ширақтылығын арттыру мақсатында жаңылтпашты жатқа айтып жарысу.
2. Дәйексөз.(Үй жұмысын сұрау)
Үйге берілген тапсырманы сұрау мақсатында оқушылардың белсенділігі мен сауаттылығын байқау.
А) Мына сөздерді орыс тіліне аударыңдар
Соғым сою
Қуырдақ
Дәрумендер
Қазы
Қымыз
Сүт тағамдары
Ә) Мына сөздердің мағынасын түсіндіріңдер
Күздік
Қуырдақ
Соғым
Қазақша ет
Наурыз көже
ІІ кезең. Зерделеу. Оқушылардың өз ойларын толық жеткізе білуге, сөйлемдерді дұрыс байланыстыра білуге үйрету.
1. Ой байланыстыру. Берілген кеспе қағаздардағы сөйлемдерді әрі қарай толықтырып шағын мәтін құрау.
2. Берілген сұрақтарға жауап іздеу, өзара пікір алысу, ортақ ой тұжырымдауға және жауапкершілікке, оны көпшілік алдында айта білу дағдыларын жетілдіру.
І топ
1. Соғым сойылғаннан кейін міндетті түрде қандай тағам жасалады?
2. Соғымға нелер сойылады?
3. Табақты қонақтарға қалай тартады?
4. Соғымға байланысты қазақ халқының қандай салты қалыптасқан?
5. Наурыз көжені тойып ішу ұғымы қандай?
6. Қазақ халқы биенің сүтін не деп атайды?
7. Қымыздың түрлері
8. Дәннен жасалатын тағамдар
9. Еттен жасалатын тағамдарды атаңдар
10. Ұлттық тағамдардың қайсысында қандай дәрумендер бар?
ІІ топ
1. Еттен жасалатын тағамдарға байланысты қазақ халқының қандай салты бар?
2. Ұлттық тағамдардың түрлерін ата
3. Құрметті қонақтарға қазақ халқы қандай тағам ұсынады?
4. Үлкен сыйлы қонақтарға не тартады?
5. Жеті түрлі дәмнен пісірілетін тағам қалай аталады?
6. Қазақ халқының ең бағалы сусыны
7. Сүттен жасалатын тағамдар
8. Бауырсақты неден жасайды?
9. Тарыдан не дайындайды?
10. Ұлттық тағамдардың қайсысында қандай дәрумендер бар?
ІІІ кезең. Толғаныс.
1. 3 - тапсырма. 75 - бет
2. Ұлттық тағамдарды маңыздылығы туралы өз ойларын жаза білуге үйрету.
Ас – адамның арқауы тақырыбында шағын эссе жазу.
ІV кезең. Тарту.
1. Өз ойларын жинақтай білуге, мақал - мәтелдердің мағынасын айта білуге үйрету және сабақты қорытындылау мақсатында мақал - мәтелдердің жалғасын тауып, орыс тіліне аудару.
2. Ұлттық тағамдардың пайдасы қандай?
(Өз ойларын қағаз бетіне күн, гүл, ағаш бейнесінде салып, дәлелдей білу)