Оқулықтағы сөздерді оқып, дыбыстарға талдау жүргізу

Скачать

Әліппе пәнінен қысқа мерзімді сабақ жоспары
Сабақтың тақырыбы: Ф дыбысы мен әрпі
Білімділік: Ф дыбысы мен әрпі жайында түсініктерін арттыру, Ф дыбысы бар сөздерді дұрыс оқуға баулу.
Сурет бойынша жұмыс жүргізу арқылы сөздік қорларын арттыру мәнерлеп оқуға жетелеу
Дамытушылық: Оқулықтағы сөздерді оқып, дыбыстарға талдау жүргізу.
Көрнекілікке негіздей отырып білетіндерін жинақтау, тиянақтау
Тәрбиелік: Топтық жұмыс арқылы тыңдау мәдениетін қалыптастыру, сыйласымдылыққа тәрбиелеу.
Табыс критерийлері: Ф дыбысы мен әрпі жайында түсініктері артады, ф дыбысы бар сөздерді дұрыс оқуға және мәнерлеп оқуға үйренеді.
Сурет бойынша жұмыс жүргізу арқылы сөздік қорлары артады
Оқулықтағы сөздерді оқып, дыбыстарға талдау жүргізеді.
Көрнекілікке негіздей отырып білетіндерін жинақтап, тиянақтайды.
Топтық жұмыс арқылы тыңдау мәдениетін қалыптастырып, сыйласымдылыққа тәрбиеленеді.
Түйінді идеялар: Топтық, жұптық, жеке жұмыс, салыстыру, топтастыру, формативті бағалау, зерттеушілік әңгіме, талдау - жинақтау. СТО
Ресурс: Интернет көздері, оқулық, әдістеме

Ұйымдастыру кезеңі 2 минут
Сыныпта жағымды психологиялық ахуал туғызу

Өткен сабақты қорыту 5 минут
Өткен сабақта өтілген Ф дыбысы жайында білімдерін тексеру
- Ф дыбысы қандай дыбыстар қатарына жатады?
- Ф дыбысының әрпін кім жазып береді?
- Ф дыбысы бар сөздер айтайық және олардың мағынасын түсіндірейік

Телефон түрлері мәтінін оқыту
Миға шабуыл 3 минут
- Балалар бүгін біз сендермен Фирма мәтінімен танысамыз
- Фирма дегеннің не екенін білесіңдер ме?
Оқулықпен жұмыс 5 минут
1. Мәтінмен жұмыс Фирма
2. Сурет бойынша жұмыс Футбол

Бастауыш сынып мұғалімі: Г. С. Юнусова

Ф дыбысы мен әрпі. жүктеу


Скачать


zharar.kz