Асубаева Гаухар Сарсеновна
Болашақ маманның кәсіби құзыреттілігін арттырудағы педагогикалық практиканың рөлі.
Жаңа білім ғасырында теориялық білімді терең меңгерген, жаңа технологиямен қаруланған, жан - жақты білімді, білікті мұғалім ғана еліміздің болашағына өз үлесін қоса алады. Кәсіптік практика кәсіптік білімнің негізгі білімдері бағдарламасының құрамдас бөлігі және білікті мамандарды кәсіби іс әрекетке дайындаудың тиімді формасы болып табылады. Осыған орай, болашақ педагог мамандарды бүгінгі қоғам талабына сай дайындау мақсатында жаңа педагогикалық технологияларды оқу үрдісінде жүйелі пайдалану қажет. Педагогтік мамандыққа алғашқы болашақ мұғалімдерді дайындау, қалыптастыру кезеңінен басталады. Білім алушы өзінің бейімділігін, шеберлігін, алған теориялық білімін тәжірибемен ұштастырғанда ғана мұғалімге тән іскерлік, шеберлік қалыптасады. Қазіргі заман мұғалімі – қоғамдық дамудың деңгейінен көрінетін, жаңалыққа жаны сергек, жаңаша ойлау дағдысын меңгерген, балалардың талапкерлігімен қабілетін, өздігінен еркін дамуын ұйымдастыра алатын әрі шығармашылықпен еңбек ете алатын маман болуы тиіс. Мұғалім қоғам талабына сай өзін – өзі үздіксіз тәрбиелеп отыратын, балалармен қарым – қатынасқа түсе алатын ұйымдастырушылық қабілеті жоғары және мол тәжірибе жинақтағанда ғана оның бойынан кәсіби құзіреттілігі анық байқалып тұрады. Кәсіби құзыреттілік деп – педагогтың жеке бас сапалары мен оның психологиялық - педагогикалық және теориялық білімнің кәсіби біліктілігі мен дағдысының бір арнада тоғысуы. Болашақ маман өз ісінің шебері, жақсы мұғалім болу үшін мамандығына қажетті қабілеттерді және қарым – қатынас мәдениетін меңгеріп әлемдік білім кеңістігіне талпынуы керек. А. Байтұрсыновтың пікірінше, бала білімді тәжірибе арқылы өз бетімен алу керек. Ал балаға орындалатын жұмыс түрлерін шағымдап беру және қойылған мақсатқа жету үшін бағыт - бағдар беру, бұл – оқытушының қызметі. Болашақ маманның кәсіби құзыреттілігін қалыптастыруда педагогикалық практика үлкен рөл атқарады. Педагогикалық практикадан өту кезінде студент - практиканттың іскерлігі мен дағдылары қалыптасады және өзіне деген сенімі артады, шығармашылық деңгейде жұмыс істеу барысында өз білімдерін дәлелдейді. Жоғарыда аталған іс – әрекеттер арқылы мысалы: Ол жансыз жаттанды білім түрінде емес жеке тұлғаның танымға және белгілі мәселелерді ұсынып, шешім жасауға, талдауға, түзетулер енгізіп отыруға деген белсенділігінен көрінеді.
Болашақ мамандарды дайындаудағы негізгі міндет - студент практиканттың өз бетінше жаңаша жұмыс істеу қабілетін, шығармашылығын дамыту арқылы бәсекеге қабілетті маман дайындау. Осы мақсатты іске асыруда жұмыс түрлерінің, сонымен қатар болашақ мамандардың кәсіптік білімін арттыруға деген талаптың жылма – жыл күшейіп отыруына байланысты, бүгінгі күні педагогикалық практиканың жаңа түрлері де енгізілуде. Осыған орай қазіргі кезде оқу жоспарында өндірістік практика 40% пайызға өсті.