5 - сыныпқа арналған “Хор үйірмесі” тақырыбындағы факультатив курсының бағдарламасы
Сағат саны - 34 сағ
Факультатив курсының мақсаты:
1. Оқушылардың музыкалық қабілетін арттыру.
2. Вокалды – хор техникасын меңгерту, шығарманы өз дәрежесінде көркем орындауға үйрету.
3. Ән - әуез сабағынан алған білімдерін пайдалануға жетілдіруге мүмкіндік жасау, хор шығармасына қызығушылығын арттыру, эстетикалық таным – талғамының қалыптасуына жол ашу.
Факультатив курсының талаптары:
1. Хор шығармасын орындау, айту кезінде ән айту дағдыларына қалыптастыру.
2. Шығарманы ансамбльдік құрылымда дыбысты таза айтуды, ритмикалық нюансты құбылыстарды сауатты орындауды меңгерту.
3. Хор мүшелерінің белсенділігін, ынтасын арттыру, мектеп өміріндегі хор ұжымының ролін айқындау
Пәнаралық кіріктіру
Тарих, әдебиет, өнер пәндерімен байланыстыру
Уақыт көлемі
5 - сынып (факультатив) 34 сағат, аптасына 1 рет