Жаның тазарса шабыттанып кетесің

Скачать

ҮШ СЕРІГІҢ МЕН КӨРІГІҢ
Көп іздесе жоқ табылар.
(Татар халқының мәтелі)

ӨМІР ЖОЛЫ көшкен керуендей - ау. Мың - сан өткелі бар. Көрген сайын қыр - сырын түсінесің. Қырағы көзбен алдыңа үңілесің, қырсығы, азабы, тікені көп соқпақтан түңілесің...
Өмір үздіксіз үйлесім үстінде. Тек жеткен жеріңде тоқтап, тоқырап қалма.
Құрметті оқырман (бұлай атауымның себебі, осы жазғандарымды түбі біреулер оқитын шығар, бәлкім), жазбагер бар - жоғы отыздың төртеуінде, ал айтқандарын тыңдасаң, тоқсанның төртеуіне келген қариядай деп сөкпеңіз. Мен жан - дүниемдегі жәйттерді, өзім сезінген, ұғынған, бастан кешірген ойларды ортаға салып жатырмын. Бәлкім, келісерсіз, бәлкім, келіспейсіз, ерік өзіңізде.
Онда да өзім үшін. Өзім десеңіз де өзгесіз мүмкін емес. Жазбасам, тоқырып қалатындаймын. Жазсам, өзімнен - өзім тәрбие алатындаймын. Қайта оқысам, ішкі жансарайым ашылып, зіл басқан дүниеден тазарамын. Ойы таза адамның – жаны да таза. Жаның тазарса шабыттанып кетесің.
Мұның бәрін – жазылмаған, ақ қағазға түспеген күндерді өмірдің маған ұсынған бағдарламасы деп қабылдаймын.
Қашанда адамдық бейнеңді көрсетер үш серігің бар. Ол: сана – сәулеңе, парасат – пайымыңа, ақыл – таразыңа байланысты...
Керуен жолыңды мұратқа жетелейтін адамдық үш көрігің бар. Ол: сенім - жетекшіңе, сабыр - қолдаушыңа, намыс - қайратыңа байланысты.
Иә, өз жолыңды көрікті ету, адамдық жолды биіктету, іздеген жоғыңды табу... оның бәрі өзіңе байланысты.

Әкім Ысқақтың Жүректегі жазулар Күнделік эссесінен

Толық нұсқасын қарау


Скачать


zharar.kz