Сабақтың тақырыбы: Жай сандар, құрама сандар.
Сабақтың мақсаты: Оқушыларды:
- жай сандар мен құрама сандарды ажырата білуге үйрету;
- жай сандар кестесін пайдалана білуге үйрету.
Дамытушылық: Оқушылардың ойлау қабілетін, есте сақтау қасиеттерін дамыту.
Тәрбиелік: оқушылардың белсенділігін арттыру, өз бетінше оқуға ізденуге тәрбиелеу.
Сабақтың типі: аралас сабақ.
Сабақтың әдісі: түсіндірмелі, сұрақ - жауап, проблемалық.
Сабақтың көрнекілігі: Сұрақтар, есептер жазылған плакаттар.
Сабақтың барысы:
1. Ұйымдастыру (2мин) оқушылардың сабаққа дайындығын, қатысуын тексеру.
2. Үй тапсырмасын тексеру. №241
Ерлан - 27 алма
Нұрлан - 18 алма
Әсел - 39 алма
Олардың терген алмаларын өзара тең бөлісе ала ма? Егер бөлісе алса, әрқайсысы неше алмадан алады?