Оқушылардың зейінін сабаққа аудару. Шығармашылық тапсырма

Скачать

Күнделікті сабақ жоспары, қазақ әдебиеті 7 сынып
Тақырыптар:
46 - сабақ. Тоқсандық қайталау
47 - сабақ. Тест тапсырмалары
48 - сабақ. Ә. Тәжібаев Сырдария өлеңі
49 - сабақ. Қалижан Бекхожин Ақсақ Темір мен ақын
50 - сабақ. Тахауи Ақтанов Окоп үстіндегі айқас

Қазақ әдебиеті 7 сынып
Сабақтың тақырыбы: Тоқсандық қайталау
Сабақтың мақсаты:
а) оқушылардың әдебиет пәнінен алған білімдерін тиянақтау;
ә) тәрбиелік мәні бар мысалдар келтіре отырып оқушыларды елін, жерін, Отанын сүюге тәрбиелеу;
б) оқушылардың білімін бақылау арқылы мәнерлеп оқуға дағдыландыру;
Сабақтың түрі: қайталау
Сабақтың әдісі: сұрақ - жауап, талдау, т. б
Сабақтың көрнекілігі:, сызба - нұсқаулар т. б.
Пәнаралық байланыс: тарих

Сабақтың барысы:
а) Ұйымдастыру кезеңі:
Оқушылармен амандасу, түгелдеу, оқу құралдарын тексеру, сыныптың тазалығына көңіл бөлу. Оқушылардың зейінін сабаққа аудару.

ә) Үй тапсырмасын пысықтау:
Үйге берілген тапсырманы сұраймын. Оқушыларға бірнеше сұрақтар қоямын.

б) Жаңа сабақты түсіндіру:
Балалар, біз қазақ әдебиетін нешеге бөлеміз? Мына сызбаға қарап ойларыңды жеткізіңдер.
Қазақ әдебиеті

Ауыз әдебиеті
Жазба әдебиеті
Әлем әдебиеті

Әдебиет теориясы бойынша жұмыс жүргізу:
Кез - келген шығармаларды оқып, оны композициялық құрылысына қарай талдап, ондағы метафора, эпитет, теңеулерді табады.

Шығармашылық тапсырма: Өткен тақырыптардан өздеріңе ұнаған тақырып бойынша ойтолғау жазыңдар. Неге ұнады?
Білімді бекіту: Өтілген тақырыпқа байланысты бірнеше сұрақтар қоямын
1. Ауыз әдебиеті дегеніміз не?
2. Жазба әдебиетінің ауыз әдебиетінен қандай айырмашылығы ба?
3. Ауыз әдебиетінің қандай салаларын білесіңдер?
4. Әлем әдебиеті дегеніміз не?

Білімді бағалау: Оқушылардың жауаптарына қарай білімдері бағаланады.
Үйге тапсырма: Ақын - жазушылардың әңгімелерін, романдарын оқып келу.



Толық нұсқасын қарау


Скачать


zharar.kz