Ганфан ұйғыр халқының тағамы болып есептеледі.
Күріш – 200 гр
Ет – 150 - 200 гр
Пияз – 1 бас
Болгар бұрышы – 2 бас (түрлі-түсті қызыл, көк)
Сарымсақ – 1 - 2 түйір
Майонез – 1 - 2 ас қасық
Томат – 1 шай қасық
Зира – (қалауыңызша)
Дәмдеуіштер етке арналған (приправа) – дәміне қарай
Тұз – дәміне қарай
Күрішін пісіру
▪ Күрішті тазалап, жуып алыңыз.
▪ Табаға 2 ас қасық майды құйып күрішті 3 - 4 минуттай майға араластырып қуырыңыз.
▪ Шай қасықтың ұшымен аз ғана тұз салып, үстінен су құйыңыз. Су күріштен 1 см асып тұруы керек, шамамен бір елідей.
▪ Қайнап шыққан соң отты басып қойыңыз, жай отта 20 минуттай тұрып, пісуі қажет.
Етті пісіру
Жаңа сойылған, жұмсақ сиыр еті болғаны дұрыс.
▪ Етті жуып алған соң, жұқалап жапырақтап тураңыз.
▪ Майонез бен томатты, дәмдеуіштерді майдалап туралған сарымсақты араластырыңыз.
▪ Майонез бен томаттан дайындалған қоймалжыңды етпен араластырып 10 - 15 минутқа қалдырыңыз.
▪ Пияз бен бұрышты төртбұрышты етіп тураңыз.
▪ Табаға майды құйып етті қуырыңыз, отты орташа етіп қойыңыз. Ет қызарып, жақсылап қуырылып болғаннан кейін үстіне 50 - 70 грамдай су құйып астын жай басып қойып 15 минуттай пісіріңіз. Ең соңынан пияз бен бұрышты салып тағы да 7 - 10 минуттай пісіріңіз.
▪ Дайын болған күріштің үстіне қуырылған етті салып ұсыныңыз.