Балалар залға көңілді әуенмен кіріп, шеңбер құрып тұрады.
Тәрбиеші: - Сүйкімді де, менің әдемі бүлдіршіндерім, қымбатты ата - аналар мен қонақтар! Шыршамызды ойыншықтар мен түрлі - түсті от шашуларға көмкеріп, өзімізде әдемі киініп, Жаңа жыл мерекесін тойлауға жиналдық. Жылда жақындап қалды.
Тәрбиеші: - Балалар, біздің мерекемізге не жетіспейді?
Ендеше шырша шамын жағайық!
Балалар: Қуант бізді таңырқат шамдарыңды жарқырат! (2 рет)
Бүгін келді жаңарып,
Қонжық тобы тағы да.
Би билейді, ән салады, Жасыл шырша жанында. Сәлем бізден баршаға, Құттықтаймыз жар сала,
Бүгін бізде Жаңа жыл.
Қош келіпсіз шыршаға,
Жаңа жылда көңілді. Шырқалады әніміз, Ата - аналар сіздерді,
Құттықтаймыз бәріміз!
Қане балалар, бәріміз бірге:
Жаңа жыл - құтты болсын!
Олай болса, біздің ертеңгілігімізді тамашалауға келіп отырған ата - аналарымызға сөз берейік.
Тәрбиеші: Ал енді біздің бүлдіршіндерге кезек берейік.
Балалар: (хормен) Құтты болсын ата - ана, жаңа жылың!
Бізге керек сендердің амандығың
Жаңа жылда тағы да сәбилі боп,
Жүріңіздер біздерді қуандырып.
Тәрбиеші: - Үнді елінен келген мың бұралған биші қыздарымызды қол соғып ортаға шақырайық.
Ойын: Кім пиманы тез киеді?
Ортаға орыс биімен Қонжық тобының қыздарын шақырамыз. Біздің қыздарымыз балаларға жұмбақ жасырсын.
Жұмбақ. Айжан:
Қыста ғана болады,
Ұстасаң қолың тоңады.(қар)
Дайана:
Табаныма байладым
Қос аяқпен айдадым(шаңғы)
Зайнеб:
Қолы жоқ сурет салады,
Тісі жоқ тістеп алады (аяз)
Еркежан:
Суға салсаң батпайды,
Отқа салсаң жанбайды (мұз)
Асылай:
Жапалақтап жауады,
Жердің бетін жабады.
Бұл не аппақ мақтадай
Шешуін кім табады (қар)