2017 жылдың соңына дейін ҚР мектептерінде электронды күнделік енгізілмек. Бұл туралы Білім және ғылым министрі Ерлан Сағадиев тамыз кеңесінде мәлімдеді, - деп хабарлайды Tengrinews. kz тілшісі.
Кеңесте Астана қаласының қоғамдық ата - аналар кеңесінің басшысы Анар Түлебаева министрге өз ұсынысын айтты.
"Сіз белсенді интернет қолданушысысыз. Алайда білім беретін мекемелердің көбі әлеуметтік желіде ашық емес. Осы орайда ата - аналармен белсенді түрде байланыс орнату үшін бірыңғай интернет - ресурсын ашуыңызды ұсынамыз. Себебі ата - аналардың көбісінде мектептер мен балабақшаларда берілетін кеңестерді алуға уақыты болмай жатады. Ал қашықтықтан байланыс орнату тиімді болар еді", - деді Түлебаева.
"Қазақстанда осы күнге дейін 1000 мектепте электронды күнделік енгізілген. Біз келесі жылдың соңына дейін елдегі барлық 7, 5 мың мектепті электронды күнделікпен қамтамасыз етуді көздеп отырмыз, - деді министр.
Осыған дейін Қазақстанның қағаз күнделіктерден бас тартатыны хабарланған еді. Бұл жобаның құны 30 миллиард теңгені құрайды. Алайда мемлекет бұған ақша бөлмейді, себебі мұны инвесторлар қаржыландырады.
Толығырақ: tengrinews. kz