Ақтөбе қаласы, Благодар орта мектебі
Қазақ тілі мен әдебитеті пәнінің мұғалімі
Гүльзия Узбекбаева
Қазақ әдебиеті 5 сынып
Тақырыбы: Аяз би ертегісінің кейіпкерлер әлемі
Мақсаты: Аяз би ертегісіндегі Аяз бидің жақсы қасиеттері мен істерінің мәнін терең түсініп, өз бойларына дарыту, кейіпкер әрекетін саралап, бағалау.
Күтілетін нәтиже: 1. Кейіпкерлерді жағымды және жағымсыз қасиеттері бойынша бөле біледі;
2. Кейіпкердің іс - әрекетіне баға бере біледі;
3. Оқушылардың бірін - бірі бағалауға үйренеді.
Әдіс – тәсілдер Оқыту мен оқудағы жаңа тәсілдер Диалогтік оқыту , оқыту үшін бағалау және оқуды бағалау, талантты және дарынды балаларды оқыту, АКТ пайдалану, сын тұрғысынан ойлауға үйрету, жас ерекшеліктеріне сәйкес оқыту.
1. Кіріспе
Білім
Сабақ барысы
1. Ұйымдастыру.
Топқа бөлу: пазыл бойынша
1 – топ: Ертегі
2 – топ: Жаман ,
3 – топ: Мадан хан ,
4 – топ: Меңді қыз
5 - топ: Уәзірлер
1. Әңгіменің мазмұндық жоспарын
Талдау.
1. Хан тапсырмасы.
2. Жаманмен кездесу.
3. Тұлпардың сыны.
4. ГауҺар тас сыры.
5. Меңді қыздың шарты.
6. Жаманның сертке беріктігі.
7. Уәзірлердің арандатуы
8. Ақылдың пайдасы
9. Аяз би.
Түсіну Қолдану
Ертегі мазмұны бойынша топтарға тапсырма:
І топ - ертегіде кездесетін кейіпкерлерді бойындағы қасиеттеріне қарай жағымды, жағымсыз деп топтастыру ( Топтастыру стратег);
ІІ топ - басты кейіпкер Аяз бидің өткен сынақтарын жаз Теріп алу стратег;
ІІІ топ - Аяз би қандай қасиеттері арқылы мұратына жетті?
ІҮ топ. Уәзірлер мен Аяз би
Венн диаграммасы
Ү т. Кейіпкерді сәйкестендіру
Талдау №1 (дарындылар) – берілген ұйқасқа өлең құрайды;
№2, 3 (жақсылар) – диалог құрау.
№4 (орташа)- ертегі желісі бойынша бір сұрақ дайындайды.
Жинақтау 3. Ой түю стратегиясы.
1. Мен адамды қалай бағалаймын? ой – пікір айту
“Ай, Аяз, баймын деп аспа, ханмын деп таспа! Аяз әліңді біл” деген сөзді қалай таратып айтып берер едің және қандай мақал – мәтелдермен ауыстыруға болады.
2. Бұрын елді хандар биледі, ал қазір елді кімдер басқарады?
Президент, әкімдер, министрлер, директорлар т. б
Сен әкім немесе президент болсаң елің үшін не істер едің? Жазбаша
Қорытынды. Ертегілердегі халық арманы шағын ойтолғау жазу
Үй тапсырмасы Менің ертегіден алған әсерім тақырыбына эссе жазу.
Кері байланыс: Екі жұлдыз бір тілек
Бағалау Топтық бағалау өлшемі
Толық нұсқасын жүктеу