Атырау облысы, Атырау қаласы
Үш тілде оқытатын дарынды балаларға арналған мамандандырылған
№30 мектеп - гимназиясының орыс сыныптарындағы
қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі
Габдуллина Балауса Гайнеденовна
Сабақ тақырыбы: Халқын сүйген жүрек (Президент күні мерекесіне арналған)
Жалпы мақсаттар: Алғашқы президент күнінің маңызын ұғындыру. Оқушылардың танымдық қабілеттерін дамыту. Ой - өрісін кеңейтіп, шығармашылық жұмысқа баулу. Өзіндік ой - пікір қалыптастыра білуге дағдыландыру. Оқушылар бойында патриоттық сезімдерін қалыптастыру. Тәуелсіз елдің тәрбиелі, білімді азаматы болуға тәрбиелеу
Күтілетін нәтиже: Президент күні мерекесінің маңызын ұғына білу, елбасының қолдауымен Қазақстанның жеткен жетістіктерін түйсіне білу, Оқушыларға Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаев өмірі мен шығармашылыққа толы атқарылған істері туралы мәліметтер беру. Оқушыларға президенттің ел үшін жасаған істерін үлгі - өнеге ету. сабақ тақырыбына қатысты өзіндік ой - пікірлерін ашық айта білуге, өз жобаларын көпшілік алдына ұсына білуге дағдылану. Мағлұматтарды өз беттерімен зерделеп, зерттей білу. Сыни тұрғыдан ойлана білу.
Негізгі идеялар: Елбасы - мемлекеттік институттар иерархиясында жоғары орын алатын және елдің ішінде мемлекеттің жоғары өкілеттігін білдіретін жоғары лауазымды тұлға.
Тапсырмалар: 1. Ой толғаныс. Менің президентім
2. Ғылыми ізденіс. Топтардың Қазақстанның болашағына жарқын қадам тақырыбындағы жобалары
3. Егер мен президент болсам....
Сабақтың түрі: Танымдық сабақ
Сабақтың әдісі: Ой қозғау, шығармашылық ізденіс
Қосымша тапсырмалар: Қазақстан 2030 жылы қандай деңгейде болады? тақырыбына шағын эссе жазу
Сабақтың жүру барысы
І. Ұйымдастыру кезеңі. І. Сынып оқушыларын 3 топқа бөлу ( Бірлік , Ынтымақ , Достық топтары).
Әр топ өз топтарының атына сай бірлік, ынтымақ, достықтарын қандай қимылдар арқылы білдіреді екен?
ІІ. Кіріспе сөз. – Сәлеметсіздер ме, балалар! Біздің бүгінгі сабағымыз ерекше сабақ. Себебі, бүгінгі сабағымызға қонақтар қатысып отыр. Қонақтарға мектебімізге қош келдіңіздер деп айта отырып, сабағымызды бастайық.
(тақтада елбасының, кітаптарының суреттері слайд түрінде көрсетіліп тұрады.
Серпігенде бодандықтың тұманын,
Жетті әлемге ұраным мен жыр - әнім.
Өзің болдың көшбасшысы елімнің,
Өзің болдың биік ұшқан қыраным.
- Ал, балалар осы өлең жолдарын тыңдай отырып және тақтада көрсетілген суреттерге қарап бүгінгі сабағымыз қандай тақырыпта деп ойлайсыңдар.
Оқушылар жауаптары тыңдалады.
- Иә, балалар, біздің бүгінгі сабағымыз биылғы жылы алғаш рет тойланғалы отырған еліміздің тұңғыш президенті күні мерекесіне арналады.
Ендеше, сабағымыздың тақырыбымен таныс болыңыздар, бүгінгі сабағымыздың тақырыбы: Халқын сүйген жүрек деп аталады.
ІІІ. Қазақстан Республикасының мемлекеттік әнұраны жіберіледі.
ІҮ. Ой толғаныс
Тұңғыш президентімізге оқушы көзімен қарайық.
Тақырыбы: Менің президентім (топтар жұмыс жасап жатқан кезде Нұр - аға бейнебаяны жіберіледі.)
Әр топтың жауаптары тыңдалған соң қол шапалақтау арқылы марапаттау.
Толық нұсқасын жүктеу