Еліміздің астанасы қандай қала

Скачать

Тақырыбы: Туған жерім – Қазақстан

Мақсаты: Балаларды өз Отанына, туған жеріне деген сүйіспеншілігін арттыру,ол үшін тәуелсіз Республиканың рәміздері туралы білу, оларға қызмет етуге үйрету.
Керек құралдар: Қазақстанның мемлекеттік рәміздері, Отан оттан да ыстық , Туған жерге туыңды тік - қанатты сөздер мен мақал – мәтелдер көрнекілік ретінде қолданылады.

Тәрбиеші: Балалар бүгінгі біздің сабағымыздың тақырыбы Туған жерім - Қазақстан деп аталады.
- Балалар, біздің Республикамыз қалай аталады? Біз қай Республикада тұрамыз?
- Қазақстан Республикасы.
- Қазақстан қандай Республика?
- Егеменді, тәуелсіз республика.
- Еліміздің астанасы қандай қала?
- Астана қаласы деп аталады.
Ендеше кім осы астана туралы тақпақ айтып береді.
Алматы - бас қала
Астана – жас қала
Бірі ай, бірі күн
Өзім мен мақтанам
Республика қандай рәміздерің білесіңдер?
1 – бала: Ашық аспанды көгілдір туымыз бар.
2 - бала: Айбынды Елтаңбамыз бар.
3 – бала: Мағыналы ән ұранымыз бар.
4 – бала: Елбасы, тұнғыш президентіміз Нұрсұлтан Назарбаев.
5 – бала:
Тура мойын бұрамыз
Ел таңба деп тұрамыз
Ән ұран деп асқақтар
Біздің елдің рәмізі.
Балалар хормен: Менің Қазақстаным әнін орындайды.
6 – бала: Сүйесің ғой даланы,
Гүл жайнаған алабын
Білесің бе сен бірақ,
Қазақстан жалауын.
- Балалар , Қазақстан Республикасы біздің туған жеріміз, туған еліміз, оны тағы басқаша қалай айтамыз?
- Отанымыз.
- Отан туралы кім мақал - мәтел айтады
1 – бала: Отан - елдің анасы.
2 – бала: Отан - алтын бесік.
3 – бала: Отан - оттан да ыстық.
4– бала: Отансыз адам – ормансыз бұлбұл.

5 – бала: Туған жерді сүю парыз.
Сүю үшін білу – парыз,
Қасиетті білу - парыз.
Күзетінде тұру – парыз.
Қорытынды: Балалар туған жеріміздің ыстық екенін ұмытуға болады ма?
Сондықтанда әр қашан туып өскен жерді құрметтеп, аялап,қорғап өтейік.


Скачать


zharar.kz