Күшейтпелі шырайдың жасалуы

Скачать

Алматы облысы, Еңбекшіқазақ ауданы,
Т. Рысқұлов атындағы орта мектептің
қазақ тілі мен әдебиет пәні мұғалімі
Темиркулова Мадина Сүлейменқызы

Сабақтың тақырыбы: Күшейтпелі шырай
Сабақтың мақсаты:
Білімділік: оқушылардың грамматикалық білімдерін тереңдету, жаңа білімді меңгеру, жаңа сөздерді дұрыс қолдана білу;
Дамытушылық: шығармашылық қабілеттерін, ойларын дамыту, ізденімпаздық қасиеттерін қалыптастыру;
Тәрбиелік: Сөйлеу мәдениетін арттыру, өзін - өзі бағалай білуге, басқалардың көзқарасын тыңдап, сыйлай білуге тәрбиелеу;
Сабақтың түрі: жаңа білімді меңгерту
Сабақтың әдіс - тәсілдері: СТО технологиясы, Кім жылдам? , Тақия тастамақ , Миға шабуыл , Эссе , Екі жақты жазба күнделігі әдістері.
Пәнаралық байланыс: қазақ әдебиеті, Қазақстан тарихы
Сілтемелер: Оқулық, флипчарт, карточкалар, түрлі - түсті маркерлер.
Сабақтың барысы: Ұйымдастыру кезеңі.
Сыныпты ақындар және жазушылар есімдерімен екі топқа біріктіремін.
Бір тілек тренингі арқылы балалар бір - біріне өз аттарыңның бас әріптерінен басталатын сөздермен ізгі тілектерін білдіреді.
Үй тапсырмасын тексеру: 51 - жаттығу. Жолдасыңның салыстырмалы портретін жазу. Салыстырмалы шырайды көбірек қолдану.

Қызығушылықты ояту.
Миға шабуыл әдісі. Тақтада түсі қызыл екі алманың суреті көрсетіледі. Бірінші алманың түсі екінші алманың түсіне қарағанда қандай? Оқушылар қып - қызыл, тым қызыл, өте қызыл деп жауап береді. Осында заттың түсін күшейтетін қандай сөздерді қолдандық? Бүгінгі сабағымыздың тақырыбы Күшейтпелі шырай .

Мағынаны тану.
Күшейтпелі шырай дегеніміз не? Оның жасалу жолдарын түсіндір.
Біркелкі сындардың бірінің екіншісінен өте артық не өте кем екендігін көрсететін шырай түрі күшейтпелі шырай деп аталады.
Күшейтпелі шырайдың жасалуы:
1. Күшейткіш буындар арқылы: қып - қысқа, жап - жаңа, аппақ, көкпеңбек т. б.
2. Күшейткіш үстеулер арқылы: өте, тым, аса, ең, тіпті, нағыз, нақ, шымқай, орасан, ыңғай, кілең. Көне түркі ескерткіштерінде күшейтпелі шырай ең үстеу арқылы жасалған. Ең ілкі

Жаңа сабақты бекіту: Кестені толтыр.
Сапалық сын есім: Сары
Салыстырмалы шырай: Сарырақ
Күшейтпелі шырай: Сап - сары, тым сары

Екі түрлі күнделікпен жұмыс
Берілген сөйлемдер
Сөйлемдегі көп нүктенің орнына күшейтпелі шырайда тұрған сөзбен толықтыр. Жасалу жолдарын түсіндір. Сөйлемдегі көп нүктенің орнына күшейтпелі шырайда тұрған сөзбен толықтыр. Жасалу жолдарын түсіндір.
Сұр дала мен құла тартқан адырлардың үстіне...... күн шапақ атты.
Қалаға лезде келіп кірген торы жорға атты шана аңқып жатқан..... көшемен аулап келеді.
Тақтамен жұмыс Кім жылдам? 1 - топ 54 - жаттығу. Берілген сын есімдерден күшейтпелі шырай жасаңдар.
Үлгі: біп - биік, тым биік, өте биік.
2 - топ 53 - жаттығу. Берілген күшейтпелі шырайды қатыстырып сөз тіркесін құраңдар.
Үлгі: өте ауыр жүк,...
Сын есімді сатылай кешенді талдау жүргізу.
1. Бұл сөз екі құрамнан тұр. Өнер - лі
2. Тұлғасына қарай – туынды. Себебі, негізгі түбір зат есімге сөз тудырушы
өнімді (- лі) жұрнағының жалғануы арқылы жасалған
3. Құрылысына қарай - дара, себебі, бір ғана негізгі түбірден тұрады.
4. Сөзде бір лексикалық, екі грамматикалық мағына бар.
5. Лексикалық мағынасы – адамның сапалық қасиетіне берілген атау.
6. 1. Бірінші грамматикалық мағынасы лексикалық мағынаның жалпылануынан жасалған жалпы грамматикалық мағына – сын есім.
6. 2. Екінші грамматикалық мағынасы -(- лі) сөз тудырушы жұрнақ.
7. Өнерлі қандай? деген сұраққа жауап береді. Ендеше, бұл - сын есім.
8. Мағынасына қарай - қатыстық сын есім. Себебі, басқа сөз табының қатысы арқылы жасалып тұр.

“Ойтолғаныс” Өздеріңмен жүрген оқушылардың жақсы оқитыны туралы“Өте зейінді оқушы” тақырыбында кішігірім шығарма, ойтолғау немесе өлең жазыңдар.
Сабақты қорытындылау. “Тақия тастамақ” Бір оқушы сапалық сын есімге мысал айтса, 2 - оқушы салыстырмалы шырай жасап, 3 - оқушы күшейтпелі шырай жасап, тез айтулары керек.

Рефлексия. Екі жұлдыз, бір тілек
Бағалау. Топ спиркелері оқушылардың білімдерін бағалау парағына бағалайды.
Үй тапсырмасы: 55 - жаттығу Берілген сөз тіркестерінен сөйлем құраңдар.


Скачать


zharar.kz