Дербес компьютердің техникалық құрылғыларын басқаратын арнайы программа

Скачать

Сабақтың жоспары
Информатика 9 сынып
Тақырыбы: Графика. Геометриялық объектілерді құру процедуралары.
Мақсаты: Оқушыларға Паскальдің графикалық мүмкіндіктерін пайдаланып, геометриялық фигураларды салуды үйрету, практикалық жұмыс арқылы программа құру дағдысын қалыптастыру.
Күтілетін нәтиже: Оқушылар модификатор ұғымы, оның түрлерің мен қызметі жайлы біледі
Ресурстар, көрнекіліктер: Компьютер, презентация, карточкалар, кеспе қағаздар.
Ұйымдастыру кезеңі (2 мин)
Оқушылармен амандасып, түгелдеу, назарларын сабаққа аудару.
Оқушыларды Шаршы , Шеңбер , Үшбұрыш топтарына бөлу
Үйлестірме қағаздарда фигуралардың суреті болады (төртбұрыш, түзу, шеңбер, доға, эллипс, нүкте). Төртбұрыш, түзу таңдаған оқушылар Шаршы тобына топтасады, ал шеңбер, доға таңдаған оқушылар екінші Шеңбер тобына топтасады, эллипс, нүкте таңдаған оқушылар үшінші Үшбұрыш тобына топтасады.

Үй жұмысын қайталау (10 мин)
а) Лото ойыны, (тапсырмалар)
1. Алгоритм дегеніміз не? (Алғашқы берілген мәліметтерді пайдаланып, қажетті нәтижеге қол жеткізуді жүзеге асыратын әрекеттердің орындалу ережесі.)
2. Дербес компьютердің техникалық құрылғыларын басқаратын арнайы программа? (Драйверлер)
3. Бейнемонитор немесе дисплей дегеніміз не? (Мәтін және графикалық бейнелер шығарылатын құрылғы)
4. Экранды басқару блогы, оны дисплей адаптері немесе адаптер деп те атайды? (Бейнеадаптер)
5. Var операторының қызметі қандай? (Айнымалыларды сипаттау)
6. Пиксель дегеніміз не? (Экранның басқарылатын ең кіші элементі)
7. Readln операторының қызметі қандай? (Берілгендерді енгізу)
8. Writeln операторының қызметі қандай? (Нәтижені шығару)

ә) Ойлан - Тап
1. Француз ғалымы Блез Паскаль (1623 - 1663) математика, физика, информатика саласында көптеген жаңалықтар ашқан
2. Швейцариялық ғалым Никлаус Вирт Паскаль программалау тілін 1968 - 1971 жылдары оқып - үйренуге қолайлы программалау тілі ретінде ұсынған болатын
3. Алгоритм атауы атақты араб математигі Әбу Жафар Мұхаммед ибн Мұса әл - Хорезми есімінің латынша Algorithmi (Алгоритми) болып жазылуынан шыққан.

б) Ішіне - сыртына
Internet, Paint, Writeln, Readln, WordPad, Integer, Real, Microsoft, Program, Var, Excel, Const, Power Point, begin, Word, uses graph, ClsScr, end.

Графика. Геометриялық объектілерді құру процедуралары. жүктеу
Графика. Геометриялық объектілерді құру процедуралары. қосымшасын жүктеу


Скачать


zharar.kz