Шынайы дос – асыл қазына дөңгелек стол
Доссыз адам – тұзсыз тағам!
Мақсаты: достық туралы терең түсінік бере отырып, адал достыққа, шынайылыққа баулу. Достық, сыйластық туралы пікірлесе отырып, оқушылар арасында достық сезім қалыптастыру.
Күтілетін нәтиже: достық жөнінде түсінік бере отырып, олардың досқа деген адалдық, қайырымды болу, шыншыл, сыйлы болуға баулу және балалар арасында достық сезімін қалыптастыру.
Көрнекілігі: интербелсенді тақта, маркер, плакат.
Жоспары:
1. Кіріспе сөз. Дос деген кім?
2. Мен айтайын... жаттығуы.
3. Өз пікірім... жаттығуы.
4. Сөйлемді аяқта тренингі.
5. Қорытынды.
Барысы:
1. Кіріспе сөз.
- Балалар, мына тағамды татып көріңдерші, дәмі туралы не айтар едіңдер? (дәмсіз, тұзсыз)
- Балалар, ендеше өмірде доссыз адамды да осы тағамға ұқсатуға болады. Доссыз адам өмірінің мәні, сәні болмайды, тағамның тұзсыз дәмі болмаған секілді.
- Сонымен, балалар, Доссыз адам – тұзсыз тағам! деп бекерге айтылмаған. Ендеше, ДОС сөзіне дәм кіргізейікші, ол қандай болу керек, ол кім? Оның қазір көркі болмай, шуақсыз көңілсіз күндей, оған қасиеттер кіргізіп нұрын шашардай күндей етейікші. (тақтада берілген күн ДОС сөзіне шуақтарын жазу)
Жолдас Адам, сыр бөлісетін адам
сенімді ДОС көмекші, мені өте жақсы түсінетін адам
қамқоршы қиындықта бірге болар
қандай жағдай болмасын бірге болатын адам
Ендеше, бір - бірімізбен қол алыса отырып, өз ұранымызды айтайықшы.
Дос болайық бәріміз,
Жарассын достық әніміз.
Иықтасып жүрейік,
Қиындықта бәріміз. (қимылмен көрсету )
Дос деген кім?
Ассоциация құру
Сыр бөлісетін адам
Мені өте жақсы түсетін
Көмекке әрдайым дайын адам
Қандай жағдай болмасын бірге болатын адам
Сенімді адам
2. Мен айтайын... жаттығуы. Бұл жаттығуда төменде берілген сұрақтарды басшылыққа ала отырып, балалардың достық жөніндегі ойларын білу.
Достық дегенді қалай түсінеміз?
Досың бар ма? Ол кім?
Достық шынайы сезім бе, әлде жай ұғым ба?
Достық жасқа байланысты ма?
Қыз бала мен ер баланың арасында достық бола ма?
Жақсы дос, жаман дос қандай болады.
Досыңыздың басына қиындық түсті не істейсіз?
Жақсы достың мінезі қандай болады (Дос мінезі: Адал. Қайырымды. Салмақты. Сабырлы. Ақылды. Қарапайым. Кешірімді. Төзімді. Мейірімді. Адамгершілігі мол. Жомарт. Кішіпейіл.)?
3. Өз пікірім... жаттығуы. Бұл жаттығуда Достық тақырыбында әңгіме оқылады. Балалар оны мұқият тыңдап, әңгімені талдап, өз ойларымен бөліседі.
Достық
Әйтімбет деген сөзге шешен кісі болыпты. Бірде оның замандастары:
Достық нешеу деп сұрақ қояды. Сонда Әйтімбет шешен айтқан екен:
Достықтың екі түрі болады: бірі – адал достық, екіншісі амал достық.
Енді оны қалай ажырата аламыз дегендерге:
Адал достық өмірлік нұсқа болады, амал достықтың өмірі қысқа болады, - деп жауап берген екен.
Талдау: Оқушыларды пікірі тыңдалады.
4. Сөйлемді аяқта тренингі. Екі топқа сөйлемдер беріледі. Топтағы әрбір оқушы сөйлемді жалғастыру керек.
1 - топ: Әрбір адамға дос керек, өйткені...
ІІ – топ: Сыйластық бар жерде...
5. Қорытынды:
• Қиын кездерде бір – біріңе көмек көрсетіңдер;
• Досыңды алдама, оған адал бол;
• Досыңды қорлама;
• Досыңмен қызықты шақтарды бірге бөлісе біл;
• Досыңның кемшілігін кешіре біл, кемшіліксіз адам болмайды.