"Алғашқы қоңырау" сценарииі жас мұғалімдерге көмекші құрал
Мақсаты: 1 - қыркүйек білім күні дәстүрлі мерекеміз туралы мағлұмат бере отырып, балаларды, шақырылған қонақтарды, ата – аналарды, ұстаздарды мерекелерімен құттықтап, сапалы білім, саналы тәртіп алуларына тілектес білдіру. Білім күні туралы оқушылардың білімін толықтыру. Оқушыларды тапқырлыққа, шапшаңдылыққа баулу. Оқушылардың өз отанын сүюге, шыншылдыққа, шыдамдылыққа тәрбиелеу. Қазақ хандығының құрылғанына 550 жыл толуы туралы мағлұмат беру.
Көрнекіліктер: Шарлар, гүлдер, жалаулар, жалаушалар, оқушылардың суреттері бар стенд, музыкалық апараттар.
Ұйымдастыру бөлімі
I. Кіріспе бөлім.
1. Салтанатты жиынға сап түзеу.
2. Сәлемдесу.
3. Салтанатты жиынның ашылуы, сап түзеу, назар аудару.
4. ҚР гимнін ойнату
5. Ресми қонақтармен таныстыру.
II. Негізгі бөлім
1. Алғашқы құттықтау сөз. Мектеп директорының құттықтау сөзі.
2. Ресми қонақтардың құттықтау сөзі.
3. 1 сынып оқушыларын қарсы алу, арнайы дайындалған тақпақтар оқу.
4. 5 - 9 сынып оқушыларының құттықтау сөзі.
5. 1 сынып оқушылары ата - аналарының құттықтау сөзі.
6. Алғашқы қоңыраудың соғылу кезеңі.
III. Қорытынды бөлім.
1. Салтанатты жиынның жабылуы, сап түзеу, назар аудару.
2. Жүргізушінің қорытынды сөзі.
Мереке зор қуаныш - Білім күні,
Сыңғырла қоңыраудың алғашқы үні.
Қош келдің, құтты болсын қадамдарың,
Балдырған, балғын жандар - өмір гүлі.
Өмір бойы мектебімді жыр етем,
Бір өзіңде бақыт, бірлік, берекем.
Шәкірттерің өрістесін, өрлесін,
Құтты болсын Білім күнің – мерекең!
Құрметті ата - аналар, аяулы ұстаздар, қымбатты оқушылар. Міне, бүгінгі қызығы мен қиыншылығы мол, әр жылы қайталанбас тарихқа толы, оқушылардың сыныптан - сыныпқа көшіп және бірінші сыныпты аттағалы отырған мектепті асыға күткен мектептің мерекесі алғашқы қоңырау салтанаты. 1 - қыркүйек білім күніне арналған Сыңғырла, күміс қоңырау! салтанатты жиынымызға қош келдіңіздер.
Алаулаған алабынан нұр тамып,
Қазақ елін бүкіл дүние жүр танып.
Көк байрағың желбірейді төріңде,
Әнұраның тұр көгіңде шырқалып.
(әнұран орындалады)
Қазақ хандығының құрылғанына 550 жыл толу мерекесімен құттықтай отырып, 2015 - 2016 жаңа оқу жылының Сыңғырла, күміс қоңырау! атты салтанатты жиынды ашу үшін сөзді мектеп директоры Құдайбергенов Руфат Маратұлына береміз.
Жүргізуші: Мектеп – кеме, білім - теңіз сол білім теңізінде шұғылалы сәуле шашып, нұр құятын - мектеп. Жаңа оқу жылының басталу салтанатының құттықтау сөзі аудандық білім бөлімінен келген өкіл............................... беріледі.
Ән:
Қазақ хандығы — бүгінгі Қазақстан Республикасы мен көрші аймақтардың территориясында 1465 - 1847 жылдар аралығында құрылған мемлекет. Қазақ хандығы Еділден Жайыққа дейінгі территорияны, Сырдария мен Амудария өзендерінің аралығын, Хорасан жерін қамтыған.
Қазақ хандығының мемлекеттік құрылымы дала демократиясына негізделген монархияға негізделген. Мемлекет басшысы - хандар саяси билік жүргізетін. Олар төре тұқымынан шыққан сұлтандар арасындағы таңдау негізінде сайланатын.