Ілияс Жансүгіров өлеңіЖыбырлақКөңілім қорқақ, Тілім шорқақ, Мінсіз емес бозбала

Скачать

Ілияс Жансүгіров өлеңі

Жыбырлақ
Көңілім қорқақ,
Тілім шорқақ,
Мінсіз емес бозбала!
Өнерім аз,
Сен өнерпаз,
Тапқан лаж, қозғалма!..
Аттап кетсең,
Таппай сөксең,
Қиянат маған, өте обал.
Жүйрік жасқа, Замандасқа
Қас қылмасқа қолымды ал!
Ақын емес,
Ақылды емес,
Мақұл да. емес адаммын.
Ауа қонса, Қисық болса
Айыбы қанша қаламның?
Сынға салдым,
Шынға салдым,
Жас талапкер өзіңе!
Сынағанда, Шулағанда,
Қисығын айт өзіме!
Көкірегі ашық,
Көпке ғашық,
Анық менің құмарым.
Айналмаса,
Ойланбаса,
Иланбаса жырларым...

ШҚО, Тарбағатай ауданы, Тұғыл ауылы,
Ш. Уалиханов атындағы орта мектептің
9 сынып оқушысы Рашитова Рашиля


Скачать


zharar.kz