Ықылықтан құтылудың оңай жолыЫқылық ату - диафрагмалық жүйке талшығының тітіркену салдарынан болады және біразға дейін жалғасуы мүмкін

Скачать

Ықылықтан құтылудың оңай жолы

Ықылық ату - диафрагмалық жүйке талшығының тітіркену салдарынан болады және біразға дейін жалғасуы мүмкін.
Ықылықтың негізгі басты себептері:
Ішек қарын жолы аурулары, орталық жүйке жүйесі аурулары, суық тию, стресс, психоэмоционалды қозу, ішімдік ішу. т. б.
Көбіне адамдар көп тамақ жеген соң ықылықтай бастайды. Ол жоғарыда айтқан жағдайлардан болады. Ықылық атудың көп таралған себептерінің бірі - суық тию. Температураның төмендеуінен әсіресе кішкентай балалар сезгіш келеді. Бала ықылық атса осыны да ұмытпаған жөн. Ықылық атуда қандай да бір мүшенің тартылуынан болады. Ықылық ұзаққа жалғасқанда не істеу керек?

Ықылық жиі және ұзақ уақыт кетпей адамды мезі етіп жібергенде ғана дәрілік препараттар қолдануға болады. Ықылықты басу үшін диафрагмалық жүйкенің тонусын қалыпқа келтіру керек. Ол үшін, бас ми қабығындағы қозуды басатын седативті құралдар пайдаланылады. Халық арасында деміңді толық тартып яғни ішке қарай тартып қайта шыққанша тез бірдеңелерді айту керек деген тәсіл кең тараған. Бұл ең оңай жолы.

1. Ықылықты рефлекстік қимылмен басуға тырысып көрейік. Ол үшін саусағыңызбен тілдің артқы жағын яғни түбін басыңыз, құсатын кездегідей. Өңештің жиырылуынан ықылық тоқтауы мүмкін. Егер көмектеспесе мұңаймаңыз. Ықылықты басудың басқа да жолдары бар.

2. Кесемен су ішіңіз. Суды асықпай жаймен жұту қажет. Бұл тәсіл эмоцоналды қызу әңгімеден соң болған ықылық үшін тиімді тәсіл.

3. Сондай - ақ суды іше отырып жасалатын тағы бір тәсіл: бір шыны су алып, басыңызды сағат тілімен немесе қарсы бұра отырып ішу қажет. Кейде бұл тәсілдің де көмегі тиеді.

4. Бұл тәсілді жасау үшін досыңыздың немесе тағы бір адамның көмегі керек болады. Алдымен қолыңызды артқа қаратып саусақтарыңызды бір - бірінің арасына біріктіріп ұстайсыз. Қолыңыз артқа ұсталып тұрған күйінде су ішесіз, кеседегі суды біреу ұстап тұруы қажет. Қол артқа қарай керіліп саусақтарыңыз бір - бірінің арасына қысып ұсталып тұрған уақытта диафрагма босаңсыйды. Ал суды жылдам жұту керісінше күш түсіреді. Бұл екі түрлі процес қатар болуы әсерінен, ықылық туғызып жатқан диафрагма қозғалысын тоқтатады.

5. Кеседегі суды кеудеңізді алға қарай еңкейте тұрып (бүкірейіп тұрып) ішу де ықылықты тоқтатуы мүмкін.

6. Ықылықты қайтаруға ашты немесе қышқыл да көмектеседі. Лимонның аздаған сөлін жұту да ықылықты тоқтатады.

7. Сонымен қоса тәтті де ықылықты қайтарады. Бір шай қасық шекер немесе қант кубигін аузыңызға салып шайнаңыз.

8. Кішкене мұз бөлшегін алып тәтті кәмпит секілді сорыңыз, бұл 100 пайыз көмектеседі. Немесе азғандай бөлігін сындырып жұтыңыз.

Сіз қандай тәсілдерін білесіз пікір қалдыру жолына жазба қалдырыңыз?


Скачать


zharar.kz