Етістіктің шақтары дегенді қалай түсінесің

Скачать

Сабақтың тақырыбы: Етістіктен өткенді қайталау.
Сабақтың мақсаты:
а) білімділік: етістіктен алған білімдерін пысықтау, тақырып бойынша алған теориялық білімдерін практикамен ұштастыру, талдау формасын қалыптастыру.
б) дамытушылық: оқушыларды ізденімпаздыққа, шығармашылыққа баулу, іскерлік дағдыларын қалыптастыру, белсенді ойлау қабілеттерін жетілдіру.
в) тәрбиелік: өзін - өзі тани білуге, тапқырлыққа, ұйымшылдыққа, адамгершілікке тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: қайталау, бекіту сабағы.
Сабақтың әдіс - тәсілдері: сұрақ - жауап, талдау т. б
Сабақтың көрнекілігі: интербелсенді тақта, суреттер т. б
Сабақтың барысы: І Ұйымдастыру кезеңі.

Кіріспе сөз.
Қазақ тілім – өз тілім, анам тілім,
Абай, Мұхтар сөйлеген дана тілім,
Қастерлейді ұл - қызың мәңгі сені,
Болашағым, бақытым дара тілім!
Оқушылар үш топқа бөлінді.
І. Ой қозғау стратегиясы
1 – тапсырма.
Әр топқа интербелсенді тақтадан сұрақтар беріледі.
Сұрақтар: І – топқа
1. Ет істік дегеніміз не? Мысал келтір.
2. Әрі есім сөздің, әрі етістіктің қызметін атқаратын қандай етістік?
3. Болымсыз етістіктің жұрнағын атаңдар?
ІІ – топқа
1. Етістіктің шақтары дегенді қалай түсінесің?
2. Етістік құрамына қарай қаншаға бөлінеді? Мысал келтір.
3. Етіс дегеніміз не? Қанша түрі бар және олар қалай жасалады?
ІІІ – топқа
1. Етістіктің райлары дегеніміз не? Қанща түрі бар?
2. Салт етістік пен сабақты етістік қалай жасалады? Мысал келтір.
3. Етістік мағынасына қарай неше түрге бөлінеді?

2 – тапсырма. Оқулықпен жұмыс.

3 – тапсырма. Түртіп алу стратегиясы.
а) Мақал – мәтелдер оқығанда етістіктерді тауып етістіктерді жазып отырып, етістіктің түрлеріне ажыратып, талдау жасайды. Морфологиялық кешенді талдау.
1. Туған жердей жер болмас,
Туған елдей ел болмас.
2. Ел үмітін ер ақтар,
Ер атағын ел сақтар
3. Жаңбырменен жер көгерер,
Батаменен ер көгерер
4. Жақсының қасиеті – жарастыру,
Жаманның қасиеті – таластыру.
5. Аққу көлге, ер елге паналайды.
6. Елді сөкпе, кенді төкпе.
б) Жұмбақтардың шешуін тап, етістікті түрлеріне қарай ажырат.
1. Судан шығады
Судан қорқады. (--------------)
2. Қуып едім, - мойнын бұрмады
Ұстайын деп едім,- қолға тұрмады. (------------)
3. Жер қазады, көмір тиеп тынбайды,
Жұмсай білсең, шаршадым деп тұрмайды. (------------)

4 – тапсырма. Шығармашылық жұмыс.
Үш топқа сюжетті суреттер беріледі. Әр топ сурет бойынша күрделі етістіктерді қатыстырып әңгіме құрайды. Әңгімеден етістіктерді тауып, түрлеріне талдау жасайды.

5 – тапсырма. Жоғалған сөз, шешімін тап
Оқушыларға поэзиялық шығармалардан үзінді етістіктері түсіріліп оқылады. Сол етістіктерді айтып, өлеңнің тақырыбын авторын тауып, етістіктің түрлеріне талдау.
1. Шығамын тірі болсам, адам -------------,
Жүрмеймін бұл дүниеде жаман болып,
-------------- көрде тыныш жақсы емес пе?
Жүргенше өмір --------, надан болып.
2. Арыстанмын, айбатыма кім шыдар?
Жолбарыспын, маған қарсы кім ---------?
Көкте бұлт, жерде желмін ----------,
Жер еркесі – желдің жөнін кім сұрар?
3. Уа, туған жер, топырағыңнан -------------?
Алабыңнан арманыма нәр алдым.
Тұнығыңнан -------- іштім сендегі,
Алтын арай таңғы жұпар самалдың.
Сабақты бекіту:

6 – тапсырма. Үш топқа тест тапсырмалары таратылады.
Интерактивті тақтадан дұрыс жауаптары беріледі. Үш топ бір - бірінің жауаптарын тексеріп бағалайды.
Оқушыларды бағалау.
Үйге тапсырма.
Етістіктер бар 10 жаңылтпаш, 10 жұмбақ жазып, құрамына, мағынасына қарай талдау.


Скачать


zharar.kz