Отаным – алтын бесігім
Сабақтың мақсаты: балаларды өз Отанын, халқын сүйетін азамат болып өсуге, елжандыққа, патриоттық сезімге тәрбиелеу.
Сабақты өткізу формасы: Викторина
Сабақ барысы:
Музыка әуенімен балалар бірінен соң бірі залға кіреді.
Жүргізуші:
Елім менің тәуелсіз жерім менің,
Күннен алған шуақты өмір дәмін.
Рухы ұлттың өлместей боп.
Көк байрағын төбеме көтерген күн.
Қазақстан Мемлекетінің Әнұраны.
1 - бала
Жерің самал, ескен майда,
Тасқындаған егін - жайда.
Далам менің, анам менің,
Туған елім Қазақстан.
2 - бала
Аялап ару ананы,
Өсірген еркін баланы.
Бесігім болып тербеткен
Отаным – Қазақстан.
Өлең: Жомарт елім .
- Жарайсыңдар, балалар. Отан туралы өте жақсы өлең айттыңдар.
3 - бала
Ел болдық, ерік алдық Астананы
Енді кіммен қазағым жасқанады?
Тәуелсіз мемлекеттің шежіресі
Елбасымның атымен басталады.
- Тәуелсіздікке жету үшін біздің ата - бабаларымыз көп еңбек етті, көптеген тер төгілді. Ендеше, балалар, ата - бабамыздың ғасырлар бойы аңсап, армандап келген тәуелсіз еліміздің азаттығын ешкімге тәуелді етпей, өркениетті өмірге қадам басуға тиіспіз. Сендер білесіңдер Қазақстан мемлекетінің белгілерінің бірі ол Алтын адам. Мен сендерге Алтын адам туралы аңызды айтып берейін.
Таң атты! Жаңа күн келді! Таулардың бауырында құстар ән салып, сайраңдады.... Дүниеге бала келді! Тамаша!
Тәрбиеші: Сүйінші, сүйінші! Дүниеге бала келді!
Жүргізуші: Рахмет, саған жақсы жаналық әкелдің. Міне саған сыйлық, жақсы хабар әкелген үшін. Өмірге бала келгені - ол нағыз бақыт. Қазақ халқы ежелден жаңа туған баланын құрметіне шілдехана тойын тойлайды.(Әже бесікпен топқа келеді)
- Апа, кішкентай нәрестенің өмірге келгенімен құттықтаймын. Қайырлы болсын. Сізге қолқанат болсын. Тілім тасқа. Өз көзіме сенейін бе? Баланың алтын айдары бар екен. Құрметті, апа, біздің балалар жаңа туған нәрестеге жақсы тілектерін айтқысы келеді.
Балалар: Бақытты бол! Сәбидің бауы берік болсын! Ата - анасына серік болсын! Аспанымыз ашық болсын! Отанымыз тыныш болсын!(Апа бесікті алып кетеді).
Жүргізуші: Уақыт өте Алтын айдары бар бала өсті. Алтын айдары бар баланы елдің бәрі танитын, себебі ол жыршы, әнші, күйші болды. Өсе келе Алтын бала шапшаң, батыл жігіт болды. Сол уақыттан бері көп жылдар өтсе де Алтын адам ақылды, туған жерін сүйетін, аса дара тұлға ретінде халықтың есінде қалды. Алтын адам - ол біздің тәуелсіз мемлекетіміздің белгісі. Балалар, сендер оны көргілерің келеме?(Ия!)
Жүргізуші: Онда сендер көздеріңді жұмыңдар да, тілек тілеңдер. Қарсы алыңдар. Бейбітшілік, бақыт, байлық, жақсылық тың елшісі Алтын адам!
Алтын адам: Құрметті қонақтар! Мен сіздерге ақ ниетпен келіп отырмын. Сіздерге мол бақыт, зор денсаулық, ашық аспан тілеймін.
Тәуелсіздік мәңгілікке сақталсын,
Алдымызда барлық үміт ақталсын.
Тату - тәтті тірлік болып қашан да,
Бейбіт өмір бар халықпен жақталсын.
Жүргізуші: Рахмет. Біз өте қуаныштымыз.
Алтын адам: Мен сендердің еліміз, жеріміз, Отанымыз жайлы білімдеріңді, өнерлеріңді тексергім келеді. Мен сендерді ойынға шақырамын, сендерге дайындаған сұрақтарым бар. Сендер оған жауап беріңдер.
Жүргізуші: Керемет! Балалар, дайынсыңдар ма? Екі топқа бөлінеміз. 1 топ Қыран , 2 топ Бүркіт .
Жүргізуші: Алтын адам сен мына қапшықтан асық ал. Түсі қандай? Сары түсті конвертте гі сұрақты қарайық.
1. Қазақстан Мемлекетінің Рәміздерін атаңдар. Елтаңба, Қазақстан жалауы туралы тақпақ айту.
4 - бала
Қатар шапқан қос тұлпар
Ай үстінде қазақ үй.
Қалықтаған жас сұңқар
Шарықтаған таза күй.
Бұл таңбасы елімнің,
Елдігімнің белгісі.
5 - бала
Отан туы желбіреп,
Көз тартады құбылып.
Біз қараймыз елжіреп,
Туған жердің туына.
2. Қызыл конверттегі сұрақ: Қазақстан Мемлекетінің басшысы кім? Елбасы туралы тақпақтар.
6 - бала
Нұрсұлтан – ел тірегі, алтын діңгек,
Алыптың халқы ғана нарқын білмек.
Қазағым шаттанатын кезің келді,
Алашқа қорған болар ұл тудым деп.
7 - бала
Елімде бейбіт тыныш заман болсын,
Тілеймін әр адамға бақыт қонсын.
Елімнің ел ағасы, Елбасшысы
Нұрсұлтан Назарбаев аман болсын!
3. Көк түсті конверттегі сұрақ: Қазақстан Мемлекетінің бас қаласы қай қала? Астана туралы өлең.
Өлең: Астана . Қыран тобы.
Өлең: Бәйтерек . Бүркіт тобы.
4. Жасыл түсті конверттегі сұрақ: Отан туралы мақал - мәтелдер.
Ел іші алтын бесік.
Отан қуат, Отан шуақ.
Ауылым алтын бесігім.
Туған жердің түтіні де ыстық.
5. Ақ түсті конвертте сұрақ. Қазақстан Мемлекетінің қалаларын атаңдар.
Қарағанды, Көкшетау, Павлодар, Тараз, Ақтау, Ақтөбе, Шымкент, Астана, Семей, Орал, Алматы, Петропавл, Атырау, Байкоңыр.
6. Коңыр түсті конверттегі тапсырма: Жақсы тілек.
Әке - шешеміз аман болсын!
Нанымыз көп болсын!
Көк туымыз желбірей берсін!
Қазақстан жасасын!
Аспанымыз ашық болсын!
Отанымыз тыныш болсын!
Елбасымыз аман болсын!
Ойын Юрта .
- Жарайсыңдар, балалар, сендер елін, жерін құрметтейтін, адамгершілігі мол, өз Отанын сүйетін азамат болуға тиіссіңдер, өйткені біздің тәуелсіз Қазақстанымыздың болашағы сендерсіңдер.
Шаттық шеңбері:
Арманға бірге барайық,
Әуелеп әнге салайық.
Болашағымыздың кірпішін
Бәріміз бірге салайық.
Өлең: Атамекен.
Қорғалжын ауылы,
Балауса балабақшасының педагог – психологы
Курегенова Г. Р.