Ескен Елубаевтың өлеңіАсан - Үсен екеуіТату - тәтті дос едіКөңілдері қош еді, Екі қолы бос еді

Скачать

Ескен Елубаевтың өлеңі

Асан - Үсен екеуі
Тату – тәтті дос еді
Көңілдері қош еді,
Екі қолы бос еді.
Отырған соң зерігіп,
Бір ермекті тауыпты
Бір – біріне керігіп,
Ерегесіп қалыпты.
Асан айтты:
Алманың піскені маған,
Көгі саған
Үсен айтты:
Қиярдың піскені саған,
Көгі маған.
Асан айтты:
Қарбыздың іші маған.
Сырты саған.
Үсен айтты:
Дүмбілдің іші саған,
Сырты маған.
Асан айтты:
Капустаның көгі маған,
Піскені саған.
Үсен айтты:
Жүзімнің көгі саған,
Піскені маған.
Асан айтты,
Жуаның көгі маған,
Құрағаны саған.
Үсен айтты:
Күнбағыстың көгі саған,
Қурағаны саған.
Асан айтты:
Жаңғақтың дәні маған,
Сырты саған.
Үсен айтты:
Алшаның дәні саған,
Сырты маған.
Егес бітті осымен,
Доғарды олар сөздерін.
Неге бұлай айтысты.
Табыңдаршы өздерің?

Маңғыстау облысы, Бейнеу ауданы,
Боранқұл орта мектебі
Маханұлы Қуаныш
Мұғалімі: Мендигазиева Гүлжихан

Ескен Елубаевтың басқа өлеңдері


Скачать


zharar.kz