Болашақ тобы

Скачать

Тақырыбы: Сандар әлеміне саяхат
Сабақ мақсаты: Білімді, жан - жақты болуға, білуге деген қызығушылығын арттыру.
Жарысуға, жарыста жеңімпаз болуға ұмтылдыру.
Ұлттық тәрбие бере отырып, ұйымшылдыққа тәрбиелеу.
Түрі: Сайыс сабақ
Көрнекілігі: Слайдтар, мақал - мәтелдер, кеспе есептер, ғарыш кемелері.
Пәнаралық байланыс: Ана тілі, дүниетану.

Сайыстың барысы:
Мұғалім сөзі: Балалар, математикалық апталыққа арналған бүгін біз сайыс - сабақ өткіземіз. Бүгінгі білім – ертеңгі байлығымыз дегендей, математикадан алған білімдерімізді осы сайыста шыңдайтын боламыз. Енді ойын шарттарымен таныстырайын.
Топтастыру. Әр топ өз девиздерін айтады. Топ басшылары өздерін таныстырады.

Қызықты шаршылар . Топ басшылар сайысы
Сандар сыры. Топаралық жарыс.
Кім шапшаң? Ғарыш кемелерімен тапсырмалар беріледі.
Мақал - мәтел сайысы. Кубизм әдісі.
Қорытындылау. Топ басшыларына сөз беріледі.

Шарт бойынша І кезең. Сыныпты 3 топқа бөлу.
1 топ: Болашақ тобы. Девизі: Еліміздің болашағы біз боламыз!
2 топ: Білім тобы. Девизі: Білімді мыңды жығады .
3 топ: Достық тобы. Девизі: Бәріміз біргеміз берік іргеміз!

І кезең: Қызықты шаршылар . Топ басшылар сайысы:
Интерактивті тақтамен жұмыс.

Сұрақтар: 1. Сабалақ деген атпен 7 жасында Абылайды қай би өз қамқорлығына алды?(Төле би)
2. 7 күндік аптаны енгізген мемлекет? (Вавилондықтар)
3. Кубты қалай табамыз? (Үш өлшеммен: енін, ұзындығын, биіктігін көбейту)
4. Ені мен ұзындығын көбейту арқылы нені табамыз? ( ауданды)
5. Ағайынды 5 жігіт келеді. Әрқайсысында бір-бірден қарындасы бар. Барлығы неше ағайынды? (6)
6. Мен 1 адаммен келемін. Ол әкем емес. Ол кім маған? (анам)
7. 7 ғаламды атаңыз. (Оңтүстік, Солтүстік, Батыс, Шығыс, Аспан, Жер, Жерасты)
8. Мына геометриялық фигуралардан не құрастыруға болады? (құс ұясын)

ІІ кезең. Сандар сыры.
3 топқа үш санға байламдар айту тапсырылады.
І топ: 7 санының сырын ашу.
ІІ топ: 5 санының сырын ашу.
ІІІ топ. 3 санының сырын ашу.

ІІІ кезең. Кім шапшаң? Апталықтың ашылуы 12 сәуір – ғарышкерлер күнімен қатар келді. Ғарышқа қай топ алғаш боп ұшады?
Топтарға ғарышкерлер кемесіне жазылған тапсырмалар беріледі. Қай топ 1 - ші болса, сол топ ұтады.
♦ І топ тапсырмасы:
1) Сөзжұмбақ шешу.
1. Жеті күннің бірі.
2. ___ ауыз сөздің тобықтай түйіні бар.
3. 21: 3 нешеге тең?
2) Ауызша сұраққа жауап беру.
♦ ІІ топ тапсырмасы:
Сөзжұмбақ шешу.
___ атасын білмеген жетесіздің белгісі (Жеті)
Үш жұрттың бірі.
99: 33 нешеге тең?
2)Ауызша сұрақтарға жауап беру.

♦ ІІІ топ тапсырмасы:
1) Сөзжұмбақ шешу.
Бір елі ауызға ______ елі қақпақ.
Жұма нешінші күн?
25: 5 нешеге тең?
2) Ауызша сұрақтарға жауап беру.

ІҮ кезең. Мақал - мәтел сайысы. Кубизм әдісі
1.___ аяқтыда бота тату,___ аяқтыда бөле тату.
2.___- лік болмай, тірлік болмас.
3.___ - еуі түгел болса, төбедегі келеді, ___- ауы ала болса, ауыздағы кетеді.
4. Білімді ______- ды жығады, білекті ____- ді жығады.
5. Ағайын ___ - ау, ана ___ - еу.
6. Жігіттің құны ______ жылқы, ары ______ жылқы.

Ү кезең. Қорытындылау.
Топбасшылар сөз алады. Өз топтарының жинаған ұпай сандарын есептеу.
Интерактивті тақтада слайдпен сабақты қорытындылау.


Скачать


zharar.kz