Павлодар облысы, Екібастұз қаласы, Шиқылдақ аулы,
Комсомол жалпы орта білім беретін мектебінің
даярлық тобының мұғалімі Адилхан Жанаргул
Бөлімі: Жапсыру
Тақырыбы: Сыйлықтық гүл.
Мақсаты: Ұжымдық жұмысқа үйрету.
Міндеті: Көлемді жапсыру жұмысын орындап үйрену.
Білімділігі: Гүлді жапсырудың әдіс - тәсілдерін қолдануда білімдерін толықтыру.
Балалар шаттық шеңберінде тұрып, бір - бірлеріне гүлді беріп жақсы тілектерін айтады
- Деніміз сау болсын!
- Аспанымыз ашық болсын!
- Ойыншығымыз көп болсын!
- Көңілді бала болайық!
- Бәріміз дос болайық!
Тілектерін айтып болған соң гүлді құмыраға салады
- Өсімдіктердің қандай пайдасы бар?
- Оны не үшін өсіреді?
- Мына гүл қалай аталады?
- Мына гүлдер қайда өседі?
- Оны не үшін өсіреді?
- Кімдерге сыйлайды?
Көлемді гүлдерді жасау тәсілімен таныстыру.
Ұжым болып жұмыс істеудегі әр топтың міндетімен таныстыру.
Әр топтың жасаған гүлдерін, жапырақтарын біріктіріп, композиция құрастыратындықтарын айту.
Түрлі түсті қағаздан тіктөртбұрыштар қиып алу.
Жапырақтар мен гүл күлтелеріне арналған қабаттап бүктеу.
Қарындашпен жапырақтар мен гүл күлтелерінің суретін салу.
Бөлшектерді белгі бойымен қию.
Гүлдің ортасын қиып алып, тілектер жасау.
Тілектерді ұқыппен шашақтау.
Гүл күлтелері мен жапырақтарының ұшын қарындаштың көмегімен сәл иіліп көтеру.
Негізгі қағаз бетіне бөлшектерді үйлестіріп орналастыру.
Барлық бөлшектерді ретімен жапсыру.
Сергіту сәті
Гүлдің ортасына
Біздер тату баламыз,
Гүл - гүл жайнап аламыз,
Жақсы сергіп қаламыз.
Ұжымдық жұмыстың орындалуын, әр баланың өз міндетін дұрыс атқаруын қадағалау.
Балалар жұмыс дәптерінде берілген орындалу үлгісіне сүйене отырып, жұмыстарын орындайды.
Жұмыстарын қадағалап қиналған балаларға көмектесу.
Балалардың жұмыстарын қарап шығып, қажетті кеңестерді беру. Бұл жұмысты бөлме қабырғасына немесе сыйлауға болады.
Гүл туралы тақпақ, өлең айтқызу.
Балалар бағалау, мадақтау