Өзін-өзі тану арқылы адамгершілік – рухани құндылықтардың жаңаруы
“Әрбір адамда екі түрлі тәрбие болады, біреуі өзгелерден алатын тәрбиесі, екіншісі, маңыздырағы өзіне - өзі беретін тәрбиесі”
Жас ұрпақтың азамат болып қалыптасуы, оның шығармашылықпен дамуының түп тамыры тәрбиеден бастау алып, ол Қазақстанның ертеңі мен еліміздің ұлттық қауіпсіздігі, қоғамның құндылық бағдарлары жайлы сөз қозғағанда тәрбие мәселелері назар аударуды қажет етеді.
Мемлекеттің білімді, адамгершілікті, тапқыр, кез - келген жағдайда дербес шешім жасай алатын, ынтымақтасуға және өзара іс - қимылға қабілетті, ел тағдыры үшін жауапкершілік сезіміне ие адам тәрбиелеу мәселесі жөніндегі әлеуметтік сұранысына жыл сайынғы Республика Президентінің Қазақстан халқына Жолдауынан да көруімізге болады.
Елбасы Н. Ә. Назарбаевтың Болашақта еңбек етіп, өмір сүретіндер бүгінгі мектеп оқушылары, мұғалім оларды қалай тәрбиелесе, Қазақстан сол деңгейде болады, яғни тәрбиенің түпкі мақсаты - қоғамның нарықтық қарым - қатынасқа көшу кезінде саяси - экономикалық және рухани дағдарыстарында жеңіп шыға алатын, ізгілігімен XXI ғасырды дамытушы, іскер, өмірге икемделген жан - жақты мәдениетті дара тұлғаны тәрбиелеп қалыптастыру деп айтқан болатын.
Бүгінгі ұрпақтың жеке тұлғасын қалыптастыруда халқымыздың ғасырлар бойы қастер тұтып келген ар - намыс, ождан, атамекен, ана тіліне сүйіспеншілік, әдеп - иба, қайырымдылық, жауапкершілік, үлкенді сыйлау мен құрметтеу қасиетін дарыту - олардың өз еліне өгей тартып кетпеуінің басты шарты.
Адамдар тұлға болып, өзіндік жеке бас ерекшеліктерімен бірден дүниеге келмейді, әрбір жеке тұлғаны қалыптастыру, тәрбиелеп жетілдіру осы заман ағымына лайықты азамат, білімді, ойлы, өмірге құштар болып өсуіне үлесімізді қосуымыз керек.
Қай заманда болмасын, жас ұрпақтың өнеге тұтар өзіндік ұлттық тәлім - тәрбиесі, үлгі алатыны тарихи жеке тұлғалар екені белгілі. Әл - Фараби, Ж. Баласағұн, М. Қашқари секілді ғұламалар еңбектерінің кемеңгерлік сөздерінің оқушылардың тұлғасын қалыптастыруда мәні ерекше.
Ұлттық тәлім - тәрбиеге көп көңіл бөлген педагог М. Жұмабаевтың артына қалдырған тәлім - тәрбиелік мұраларының негізгі тақырыптарның бірі де – бала тәрбиесі мен тұлға мәселесі. Осыған орай, педагог “түзу адам”, “жетілген адам” туралы айта келіп, бұл оның пішін - келбетінен, жүріс - тұрысынан, нақты ісінен байқалады, бұл айтылғандар тұлғаның қандай мінезді екенін білуге мүмкіндік береді. Адам тұлға, кісі болуы үшін өзін сүю, жақындарын сүюмен шектелмей, жалпы адамзатты сүюі шарт. Таза жүректі, халқын сүйген, ел мұқтажын ойлайтын, әділет пен адалдықты жақтаған адам ғана тұлға бола алады. Тұлға - сан қырлы, мазмұны да, табиғаты да күрделі, құпиясы мол әлеуметтік ұғым. Адам өсу дамып жетілу үдерісінде біртіндеп тұлға, кісі деген атқа ие болады деп тұжырымдаған.
Қазіргі таңда қоғамның әлеуметтік - экономикалық жағынан дамуы бар әлеуметтік сұраныс негізі жан - жақты дамыған жеке тұлғаны қалыптастыруды қажет етеді. Оның бүгінгі жаңа қоғам мүддесіне лайықты, жан - жақты жетілген, бойында ұлттық сана, ұлттық психология қалыптасқан ертеңгі қоғам иегері боларлық парасатты азамат тәрбиелеп өсіру - педагогтардың, Үкіметтің және барша халықтың міндеті.
Бала бойындағы қабілет нышандарын дамытып, оны қоғамның белсенді мүшесі етіп дайындауда, білім беру мен тәрбиелеуде жеке тұлғаны дамыту қатар жүргізілгенде ғана өз дәрежесінде жүзеге асады. Осыған байланысты білімінің мазмұнын, оқыту әдістері мен тәрбиені ұйымдастыру нысандарын жетілдіруді нақтылай түсу қажеттілігі туындайды.
Атырау облыстық дарынды балаларға
арналған ұлттық гимназия
Биология пәні мұғалімі, сынып жетекші
Зулкашева Айзада Дуйсенбаевна
Өзін-өзі тану арқылы адамгершілік – рухани құндылықтардың жаңаруы. жүктеу