Қазақ тілінен диктанттар жинағы
1. Парта, оқушы, оқулық, мұғалім, мектеп, директор, бағдаршам, аурухана, коньки, акварель, гуашь, трамвай.
2. Ермексаз, вокзал, шарф, килограмм, көпбұрыш, отбасы, фамилия, нағашы, шаңғы, жолбарыс.
Сөйлем, сөз, дыбыс, әріпті қайталау Ескерту диктанты
Күз келді. Күн қысқарды. Түн салқындай бастады. Құстар жылы жаққа ұшып кетті. Егін жиналды.
1. Сөйлемнің неше сөзден тұратынын жақша ішіне жаз.
2. Сөйлем басталып тұрған сөздің астын сыз.
Терме диктант Ағайынды балалар
Ағайынды балалар
Асқар мен Болат ағайынды. Олар мектепке барады. Оларда жаңа портфель бар. Портфельге оқу құралдары салынған.
Тақтаға жазылатын сөз: портфель.
1. Бас әріппен жазылатын сөздерді теріп жаз.
2. Тасымалдауға болмайтын сөздерді жаз.
3. Үш буынды сөздерді теріп жаз.
Шығармашылық диктант
1. Жемістер, мол, болады, күзде.
2. Сарғая, жапырақтар, бастады.
3. Егінді, орады, комбайнмен.
1. Берілген сөздерден сөйлем құрап жаз.
2. Сарғая, комбайн сөздеріне дыбыстық талдау жаса.
Көру диктанты
Құрт
Томпайтын ұртты,
Сорамыз құртты.
Жасайтын оны
Тек қазақ ұлты.
(Е. Елубаев)
1. Өлеңді жатқа жаз
2. Томпайтын сөзін тасымалдап жаз.
Терме диктант
Шатастырып кебісті
Екі қария керісті.
Бір – біріне кейісті,
Ақырында келісті.
(Е. Елубаев)
1. Бір дыбысты өзгеріп тұрған сөздерді теріп жазу.
2. Өзгерген дыбыстың астын сызу, сөздің мағынасын түсіндіру.
Бақылау диктанты
Мен жазда астана аласына бардым. Қала маған қатты ұнады. Әдемі үйлер көп салыныпты. Астананы тамашалауға келген қонақтар көшеде жиі кездеседі. Есіл өзенінде қайықпен серуендедім. (24 сөз)
Буын және тасымалды қайталау Сөздік диктант
1. Сөздерді буынға бөліп жазғызу.
Долана, сарымсақ, зейінді, бауырмал, оркестр, әуежай, жауынгер, кітапхана, қырғауыл, икемді.
2. Тасымалданбайтын сөздерді астын сызғызу.
Аға, сіңлі, босаға, жең, қамшы, ауыл, Ертіс, Іле, балапан, жақ, сауат, жеңіл, кілт.
Сөздік диктанты
Заттың атын білдіретін сөздерді қайталау.
Сөздік диктанты
Жолаушы, арыстан, бүлдірген, шағала, ұста, диқан, қарағай, тоңазытқыш, қаңылтыр.
Сөздерге сұрақ қойғыздырту.
Терме диктант
30. 08. 2014 1958 0
12345
Жұлдыз тойы
Юрий ашып ғарышты
Аймен адам танысты.
Мен ұшамын бетке алып,
Юпитер мен Марсты.
Шолпан, Уран, Сатурн
Іздеп келе жатырмын.
Меркурий, Нептун, Плутон
Қарсы алатын батырмын.
(О. Асқар)
1. Өлеңнен заттың атын білдіретін сөздерді теріп жазғызу.
2. Кім? Сұрағына жауап беретін сөзді бір сызықпен, не? Сұрағына жауап беретін сөздерді екі сызықпен сызғызу.
Көру диктанты
Батырлар аттас балалар
Бауыржан, Мәлік, Талғаттар,
Сүйікті болып қалды аттар.
Олар аттас қаншама
Сәби бар, шәкірт, солдат бар.
(О. Асқар)
Өлеңнен кім? Сұрағына жауап беретін сөздерді тапқыздырту.
Шығармашылық диктант
Кісінің аты - жөні:....,
Қала аттары:......,
Мамандықты білдіретін сөздер:...,
Тау аттары:....,
Өздік диктанты
Жұмысшы, ғалым, ғылым, жұлдыздар, сандар, ана, көл.
Берілген сөздерге сөйлем құрастырып жазғызу. Кім? Кімдер? Сұрақтарына жауап беретін сөздерді тапқыздырту.
Қазақ тілінен диктанттар жинағы жүктеу