Сабақтың тақырыбы: Жіктеу есімдіктері
Сабақтың мақсаты:
Білімділік: Оқушыларға есімдік туралы, соның ішінде жіктеу есімдігінің түрленуі туралы теориялық білім беру. Жіктеу есімдігін есімдіктің басқа түрлерінен ажырата білуге үйрету.
Дамытушылық: Оқушылардың сауатты жазуын, сөйлеу мәдениетін дамыту, грамматикалық ұғымдарды меңгеру дағдысын қалыптастыру, ой - өрісін, шығармашылық қабілеттерін дамыту.
Тәрбиелік: Оқушыларды елін, жерін сүюге, адамгершілікке тәрбиелеу.
Сабақтың типі: Жаңа тақырыпты меңгерту,
Сабақтың әдісі: Түсіндіру, сұрақ - жауап, талдау, жеке жұмыс, деңгейлік тапсырма.
Көрнекілігі: Слайд, кесте, тест жұмыстары, деңгейлік тапсырма, ойын.
Сабақтың барысы:
Ұйымдастыру кезеңі. Психологиялық дайындық.
Қазақ тілім – өз тілім ан тілім,
Абай, Мұхтар сөйлеген дана тілім.
Қастерлейді ұл - қызың мәңгі сені,
Болашағым, бақытым дара тілім.
Бүгінгі і қазақ тілі сабағымызды жақсы көңіл күймен бастайық.
Оқушылар сәлемі: Үлкенге де сіз,
Кішіге де сіз.
Сәлем бердік сіздерге,
Құрметпенен біз.
І - Бағдарлау – мотивациялық кезең.
1. Қызықты жетілік ойыны.
Сұрақтар: 1. Етістік дегеніміз не?
2. Сын есім.
3. Септік жалғауы ілік септігінің сұрағы.
4. Сөйлем мүшесі.
5. Дара, күрделі сан есім.
6. Жіктік жалғауы.
7. Күрделі сөздер.
Есімдік сөзін шығарып, ережесін айту.
Есімдіктің сөз таптарымен байланысы.
ІІ. Игерейік білімді
Есімдік түрлері.
1 Сілтеу есімдігі
2. Өздік есімдігі
3. Сұрау есімдігі
4. Жалпылау есімдігі
5. Белгісіздік есімдігі
6. Болымсыздық есімдігі.
Қуанамын мен де,
Қуанасың сен де,
Қуанамыз біз,
Арайлап атқан күнге.
ІІ - Операциялық - орындаушылық кезең.
Біліміңді байқап көр. Оқулықпен жұмыс.
14 - жаттығу. Нүктенің орнына жіктеу есімдігін қойып жаз.
13 - жаттығу. Ауызша.
Қадыр Мырза Әли - 1935 ж. 5. 01. Батыс Қазақстан облысында дүниеге келді. Ол ақын, Қазақстанның халық жазушысы. Тұңғыш жинағы Көктем , Данышпан , Сабақ
Алуан - палуан , Қоян - ноян жинақтары шығарылған.
Оның 200 – дей өлеңіне ән жазылған. Күндер - ай деген атпен жеке жинақ болып шықты.
І - топ. Өлеңді мәнерлеп оқу ІІ – топ. Есімдіктерді ата. ІІІ - топ. Жіктеу есімдігін ата.
2. Ойланайық, кім ойшыл. Шығармашылық тапсырма.
Мақал құрастырып жазу.
Өз елім – өлең төсегім. Сіз деген әдеп, біз деген көмек.
Біреу әзіл айтса, сен әділ айт.
3. Ойын. Есімдік ішінде есімдік.
Мақсаты: есімдіктердің дара, күрделі болып келетіндігін меңгерту.
• Сұрау есімдігі
Кім?
Қашан?
Қайдан?
• Белгісіздік есімдігі
Әркім
Әрқашан
Әлдеқайдан
• Болымсыздық есімдігі
ешкім
ешқашан
ешқайдан
4. Деңгейлік тапсырма. Өзіндік жұмыс.
І - деңгей.
Біз, сіз, ол жіктеу есімдіктерін қатыстырып сөйлем құрап жаз.
ІІ - деңгей. Танымдық жаттығу.
Нүктенің орнына есімдіктерді қойып жаз.
Астана – Еуразияның кіндігі.... Европа мен Азияның басын қосар көпір болмақ.
... Астанамыз Қазақстанның орталығында орын тепкен. Астанамен... әлемге таныламыз. Астана -... мақтанышымыз... болашақта елімнің мақтанышы, қуанышы болуға өз үлесімді қосамын.
ІІІ - деңгей.
Туған жер туралы өлең жаз немесе өлең құрастыр.
5. Ойын. Білім пирамидасы.
Мақсаты: жіктеу есімдіктерінің септелуін меңгерту.
ІІІ - рефлексиялық – бағалау кезеңі.
2. Іздеген жетер мұратқа. Тестімен жұмыс.
Жауаптары ілінеді. Бірін - бірі тексеру.
І - нұсқа 1. ә; 2. а; 3. б; 4. б; 5. а;.
ІІ – нұсқа. 1. Б; 2. Б; 3. ә; 4. ә; 5. Ә;
6. Сабақты қорытындылау.
7. Ойын. Мен саған, сен маған.
Мақсаты: Өткен тақырыптар бойынша бір - біріне сұрақтар қойып, жауап беру.
8. Бағалау парағына әрбір оқушы өз білімін бағалап, қорытындылайды.