Өлең жазу

Скачать

Мақсаты: Ұлы ақын А. Құнанбаев туралы мағлұматтар беру, өлеңнің негізгі идеясын ашу. Оқушының оқу дағдысын қалыптастыру, оқушыға күздің ерекшеліктерін түсіндіру.
Дамытушылығы: Оқушылардың байланыстырып сөйлеу дағдысын жетілдіру, елестету, есте сақтау, өз бетінше жұмыс жасау қабілеттерін, сөздік қорын, тілін, мәнерлеп оқу дағдысын дамыту.
Тәрбиелігі: Әр маусым ерекшелігін байқата отырып, табиғат сұлулығын тануға, қоршаған орта мен өмірлік болмысты, табиғат құбылыстарын бақылау арқылы салыстыру.
Көрнекілігі: Жыл мезгілдерінің суреті, А. Құнанбаевтың суреті.
Әдіс – тәсілдері: Ассоцияция, түртіп алу, түсіндіру, сұрақ - жауап, талдау - жинақтау, еркін жазу.
Түрі: Аралас сабақ.
Сабақ барысы:
1. Ұйымдастыру бөлімі.
Психологиялық дайындық. (шаттық шеңбері, топқа бөліну.)
Ана тіліне тілек.

II. Өткенге шолу. Арналы бұлақ – асыл сөз бөлімін үзінді ойыны арқылы тиянақтау.
1. Сары бидің Сырым шешенге айтқан 6 өсиеті қандай?
2. Бала бидің сұрағына Сырымның берген жауабы қандай?
Сөз анасы не? Су анасы не? Жол анасы не?
3. Екі елдің басшылары шабындыққа таласады, сондағы Күдерінің айтқан төрелігі қандай?
4. Жеті байлық дегеніміз не?
5. Атымтайдың кейінгі ұрпаққа айтқан 4 ақылы қандай?
6. Сөз мәйегі не?
7. Қожанасыр қандай адам?
8. Алдар Көсе кім?
9. Өтірік өлең қандай өлең?

III. Үй тапсырмасы.
1 – топ. Өлеңді оқып түсіндіру.
2 – топ. Өтірік өлеңдер оқу.
3 – топ. Өтірік өлеңдегі оқиғаларға ертегілер құрастыру. ( суретін салу.)

IV. Ой ашар. Жаңа сабақ.
Бұлттар төніп,
Жерге шөгіп,
Дымқыл тұман басады.
Шөп сарғайып
Өңі тайып
Дала сұры қашады.
Бой жаза алмай
Ойнай алмай
Денең мұздап тоңады.
Айтыңдаршы, балаларым,
Бұл қай кезде болады?

- Күз мезгілі дегенде ойымызға не түседі, кім қандай ойда отыр?
Топтастыру.
Күз

сары жапырақ
астық
тұман
молшылық
құстар қайтады
сабақ басталды
жемістер піседі
күн суытады

- Олай болса, бүгін А. Құнанбаевтың Күз өлеңімен танысамыз.
А. Құнанбаев кім?

Аудармашы, ғалым, ақын, сазгер, ойшыл, ұстаз, кемеңгер, дана

V. Ой қозғау. Мұғалім өлеңді оқиды, оқушылар түртіп алу жүйесі бойынша түсініксіз сөздерді белгілейді.

Ыс – түтіннің күйесі.
Құрысын заңы - әдеті құрысын.
Күзеу – күзгі жайылым.
Қыстау – малшылардың мал қыстатуға арналған қысқы мекен - жайы.
Жайлау – малдың жазғы алыс жайылымы.
Көктеу – көктемде көшіп шығатын аймақ.

Топтық тапсырма.
1, 2, 3 – топ шумақпен бөліп оқып, өлең жолдарын қара сөзбен түсіндіру.
VI. Ой толғаныс.
1 – топ. Өлең жазу.
2 – топ. Эссе жазу.
3 – топ. Сурет салу. ( Абайдың өлеңдерін еске түсіру.)

Сергіту минуты Шырша .
Өлеңді іштей оқып, сұрақ бойынша тауып оқу.
1. Күз өлеңінде ауыл тіршілігі қалай суреттелген?
2. Қураған ағашты неге теңеген?
3. Күзеу туралы не айтылған?
4. Күзеу, қыстау, жайлау, көктеу дегеніміз не?

- Күз жыл мезгілінің сүреңсіз суық мезгілі болса да, байлық, молшылық мезгілі. Күздің бізге берері мол. Сондықтан Абай атамыздан басқа да
С. Торайғыров, М. Әлімбаев, Т. Жароков т. б ақындарымыз Күз мезгілі туралы өлеңдер жазған.

Бүгінгі сабаққа белсене араласқан оқушылардың жұмыс нәтижесіне қарай бағалайық.
VII. Үй тапсырмасы. Өлеңді оқып, жаттау. Жыл мезгілдері туралы мақал – мәтелдер жинақтау.
- Ағашымыз өлеңдегі шал - кемпірдей түсі кетіп тұр. Сондықтан, тілегімізді жазып, жайнатып жіберейік.
- Хор: Желсіз түнде жарық ай


Скачать


zharar.kz