Технология, сызу жәене бейнелеу өнері пәнінің мұғалімі
Назаров Батырхан Досболович
6 сынып
Сабақтың тақырыбы: Абайдың шығармаларына иллюстрация жасау
Сабақтың мақсаты: Иллюстрация туралы мағлұмат алу, Абайдың табиғат көрінісін суреттейтін өлеңдеріне иллюстрация орындау
Сабақтың нәтижесі: Иллюстрация туралы мағлұмат алады, Абайдың табиғат көрінісін суреттейтін өлеңдеріне иллюстрация орындайды
Әдіс - тәсілдер: Шаттық шеңбер , Ыстық орындық , Ой қозғау , Джигсо , Жылдам жауап
Мұғалімнің іс - әрекеті
1. Кіріспе Ұйымдастыру
1. Сәлемдесу, түгендеу
2. Ынтымақтастық атмосферасын қалыптастыру Шаттық шеңбері тәсілін қолдану. Шартын түсіндіремін. Графика өнерінің түрлерімен топқа бөлемін. Топ атаулары: Станокты графика, Кітап графикасы, Қолданбалы графика, Компьютерлік графика, Плакат.
Үй тапсырмасы
Ыстық орындық әдісін пайдаланып өткен сабақтағы мәліметтерді сұрақ - жауап арқылы еске түсіру
Ой қозғау Ой қозғау барысында оқушыларға Абайдың табиғат көрінісін бейнелейтін қандай шығармаларын білесіңдер деген сұрақты қоямын, Желсіз түнде, жарық ай өлеңі Желсіз түнде жарық ай, Сәулесі суда дірілдеп, Ауылдың жаны терең сай, Тасыған өзен гүрілдеп. деген өлең шумағын әнмен шырқап, өлеңнен алған әсерлерін ортаға салып, жаңа сабаққа назарын аудару.