Қыз өссе елдің көркі атты қыз сыны сайысы
Мақсаты: Қыз балалардың жан дүниесіндегі көркемдік талғамын қалыптастыру, қазақ халқының қыз тәрбиелеу салт - дәстүріне байланысты әдептілікке, инабаттылыққа, ізеттілікке тәрбиелеу.
Көрнекілігі: Қыз елдің көркі (ұлттық киімді қыздардың суреттері), Өнер таусылмас азық (қолөнер түрлерінің фотосуреттері), мақал - мәтелдер, қанатты сөздер
Барысы:
1 - жүргізуші: Қайырлы күн, құрметті оқушылар, ата - аналар!
2 - жүргізуші: Бүгінгі Қыз өссе елдің көркі атты қыз сыны сайысына қош келдіңіздер!
1 - жүргізуші: Мен қазақ қыздарына қайран қалам,
Жанары жаны жаздай жайраңдаған
Қыз өссе елдің көркі деген сөзді,
Қапысыз қалай айтқан қайран бабам.
2 - жүргізуші: Мың бұралған арулар билей басып,
Келеді міне ортаға толқып тасып,
Аруларын сыйлаған халқым менің,
Көңілді қошеметпен қарсы алайық!
(Арулар сахна төріне шақырылады)
2 - жүргізуші: Шалқытып мерекеде ән салайық,
Өнерпаз өрендерге тамсанайық.
Әділдік пен шындықты арқа тұтып,
Әділқазы алқасымен танысайық
1 - жүргізуші: Сайысымыздың шарты бойынша қыздар өз нөмірлерін алып, өз өнерлерін көрсетеді.
Сайысымыз 5 турдан тұрады.
1. Өзін - өзі таныстыру.
2. мақал - мәтел сайысы
3. Ас мәзірін даярлау
4. Шығармашылық сайысы
5. Сұлулық сыры
2 - жүргізуші: Кел, достар, бастайық,
Бастайық той кешін.
Қызықтан еш адам,
Қалмасын құр қалып.
Ұлдардың орындауында Ай дидарлы анашым өлеңін қарсы алайық
Таир, Ербол, Данияр
1 - жүргізуші: Бірінші сайыс өзін - өзі таныстыру.
Көңілге түй сен мұны,
Әр бүлдіршін - ел гүлі.
Бақытты елде туғаның
Есіміңнен белгілі
2 - жүргізуші: Екінші сайыс - мақал - мәтел сайысы көрінеді білімімен.
Кең даланың ежелгі,
Қазақ дейтін халқымыз.
Өзге ұлттай бізде де,
Бар дәстүр мен салтымыз.
Ұлдардың орындауында би Қазақ қыздары міне Ерсултан, Даниал, Мади
1 - жүргізуші: Ата - бабамыздың ежелден келе жатқан салт - дәстүрлерінің бірі - қонақжайлылық. Қандай жағдайда да құдайы қонақпын деп келген адамды кеудесінен итермей, жылы шыраймен қарсы алып, қолдағы барымен дегендей, шамасы келгенше сый - құрмет көрсетіп аттандыру әркімнің парызы сияқты болатын. Ендеше, үшінші сайысымыз – ас мәзірін дайындау.
Менің анам алтын өлеңін қарсы алыңдар Адиль, Даниал, Абдурахим
2 - жүргізуші: Аруларға қызығып қарасын деп, - келесі сайысымыз шығармашылық сайысы.
Орталарында Қамажай би
2 - жүргізуші: Сымбатына сай киім жарасатын,
Аспандағы айменен таласатын.
Өнеріне сәні сай келіп тұрған,
Аруларға қызығып қарасын деп, - келесі сайысымыз сұлулық сыры сайысы.
1 - жүргізуші: Әділқазы алқасы аруларымыздың ұпайларын есептегенше
өнерпаздардың өнерін тамашалайық.
Ақ мамам өлеңін тамашалаңыздар
Робот көрінісі.
Апатайым анашым Арғынбай Абдурахимнің орындауында
2 - жүргізуші: Енді сөзді төрешілерімізге берейік. (Ұпайларын қорытқанда, қыздардың ұлттық киімін, сайыс бойы өзін қалай ұстағанын, сөйлеу мәдениетін, жүріп - тұрғанын бәрін де есептеген жөн)
Қорытынды. Әділқазылар сөз алып, әр номинация бойынша (Көктем аруы, көрермен көзайымы, білімді ару, дарынды ару, тапқыр ару) жүлде тағайындайды.
1 - жүргізуші: Өнеріміз сайыста,
Жетелейді алысқа.
Бүгінгі күннің жеңісі,
Достық болып қалуда.
2 - жүргізуші: Баршаңызды Наурыз мерекесімен құттықтаймыз. Наурыз құт - береке, бірлік әкелсін.