8 - сынып геометрия
Сабақтың тақырыбы: ТРАПЕЦИЯ
Сабақтың мақсаты: 1. Трапецияға анықтама беру. Оның элементтері, түрлерімен таныстыру.
2. Трапеция тақырыбы бойынша берілген есептерді шығарып дағдылану.
3. Оқушылардың танымдық қабілетін дамыту, шапшаңдыққа, жауапкершілікке тәрбиелеу.
Көрнекіліктер: интер. тақта, карточкалар, кесте.
I. Ұйымдастыру. Оқушылармен сәлемдесу. Сабаққа қатысын тексеру, зейінін сабаққа аудару.
II. Үй жұмысын тексеру. Тапсырмалар интер тақтада көрсетіледі (берілген сұрақтарды шешу)
1. Барлық бұрыштары тік болатын параллелограмм?(Тіктөртбұрыш)
2. Барлық қабырғалары тең параллелограмм?(Ромб)
3. Геометрияда дәлелдеусіз қабылданатын сөйлем?(Аксиома)
4. Әкем жәшік құрады, үш өлшемнен тұрады?(Параллелипипед)
5. Геометрия неше бөлімнен тұрады?(Екі)
6. Ұн елесең елек, су тасысаң шелек?(Цилиндр)
7. Түбір астындағы үш қандай сан?(Иррационал сан)
8. Осы өзіміз оқып жатқан оқулық атауының соңғы әріпі?(Геометрия)
III. Жаңа сабақты түсіндіру (интер тақтада)
Анықтама: Екі қабырғасы ғана параллель болатын дөңес төртбұрыш трапеция деп аталады. АД || ВС, табандары. АВ, СД - бүйір қабырғалары. Трапеция түрлері: 1) Бүйір қабырғалары тең болса, тең бүйірлі трапеция деп аталады. 2) Егер бір бұрышы 〖90〗^0 – қа тең болса тік бұрышты трапеция деп аталады. Трапецияның төбесінен табанына түсірілген перпендикуляр оның биіктігі деп аталады. Қарсы жатқан төбелерін қосатын кесінді трапецияның диоганалі деп аталады.
IV. Бекіту есептерін шығару.
Оқулықпен жұмыс. №65 есеп.
Бер: АВСД тр.