Асыл әжем

Скачать

Қарттарын қадірлеген ел ардақты
1 - қазан Қарттар күніне арналған концерттік бағдарламаның сценарийі
Жүргізушілер: Ақбас Ж. С. – мұғалім
Қуантаева Қ. Т. – 9 сынып оқушысы
(Фанфар. Жүргізушілер ортада)
1 - жүргізуші: Армысыз ауылымның асылдары,
Жайналсын көңілдердің жасыл бағы.
Сіздер үшін ән мен күй, өлең мен би,
Сіздер үшін мереке шашулары.
2 - жүргізуші: Қош келдіңіз ақ жаулықты аналар,
Ақыл кенін арқалаған аталар.
Алдарыңда жауқазындай құлпырған,
Біз алаңсыз балғын шақты балалар.
1 - жүргізуші: Қымбатты ақылдың кенін арқалаған айбынды аталар! Ақ жаулықты аналар! Шынайы да ізгі сезімдерді, білімнің алтын діңгегін сыйлаушы ұстаздар қауымы! Барлықтарыңызды қазан айының алғашқы мерекелері қарттар, ұстаздар мерекесі тоғысқан күнімен құттықтаймыз!
2 - жүргізуші: Аппақ шашың күн сайын қылаңдаған,
Зейнет емес бейнеттен арылмаған.
Тәңірімдей табынып өтем мәңгі,
Қариялар өзіңді ел сыйлаған.
1 - жүргізуші: Ел мүддесін бәрінен биік қоятын, өзінен кейінгі ізіне ерген інілеріне ізеттігін аямайтын, ізінен ерген ұрпағына ұлылығын ұялатып, бір қауымға бас - көз бола білген ауыл қарттарының орны ерекше.
2 - жүргізуші: Олай болса, әр халықтың бойында ықылам заманнан бері қалыптасып оны өзгелерден даралап тұратын, тек өзіне ғана тән қасиеттері болады. Біздің халқымыздың сондай ерешеліктерінің бірі – үлкенді сыйлау, оның сөзіне құлақ асу.
1 - жүргізуші: Қазақ қарты жасына лайық ауызы дуалы, сөзі берекелі, ісі тыңғылықты, ойы терең, ақылы тілегей теңіз болып келеді. Міне, осындай теңеуге лайық қарияларды жылына бір рет келетін 1 - қазан Қарттар күнімен құттықтай отырып Қарттарын қадірлеген ел ардақты атты кешімізге қош келдіңіздер дегім келеді. (пауза). Кешімізді бастамас бұрын сөз кезегін мектеп директорының міндетін уақытша атқарушы Кәмшат Аманжолқызына береміз.
2 - жүргізуші: Алдында ақыл берер қария ғой,
Жақсылар жақсылыққа жария ғой.
Жастарға ол парасатты кеңес берер,
Сөзге бай ағып тұрған дария ғой.
Ауылымыздың ардагері ______________________________________ сөз кезегін береміз.
Ән: Асыл әжем . Орындайтын: Кеңесова Аяжан, Оразаева Ақнұр, Қуантаева Назгүл
1 - жүргізуші: Халқымыздың тәлім - тәрбиесі ананың ақ сүтімен, әже өнегесімен, аталар ақылымен берісіп, өзіндік қасиетімізді қалыптастыру көзделген. Ендеше Мен атам мен әжемнің жалғасымын бөліміне құлақ түрелік. (бастауыш монологы)
1 - жүргізуші: Той деп бүгін шашу шашады
Той деп бүгін әлем сырын ашады
Қарттар күні мейрамына арналған
Бишілер өнерлерін шашады.
Мектебіміздің биші қыздарын сіздердің қошеметтеріңізбен ортамызға шақырайық!
( Қазақ биі . 8 сынып оқушылары)
2 - жүргізуші: Асқар тауым, ақылгөйім, ғұлама,
Аспанымдай мәңгі жаса, құлама
Ер жетсем де еркелігім қалмайды,
Көз алдымда сен тұрғанда ұлы Ана!
1 - жүргізуші: Ата ардақты тұлға. Әкеден ұл тусайшы, ата жолын қусайшы деп халық ұрпаққа атаның мұрасын жалғастыруды уағыздайды. Ата ұрпағының қайырымды, мейірімді, ақылды, іскер болуын тілеп сол үшін қамқорлық іс - әрекеттерін жерге жеткенше дамыта береді, өнеге көрсетеді, өсиет айтады.
Ата – әже әні. Орындайтын: 6 сынып оқушылары
1 - жүргізуші: Тұра - тұршы есейгенде ұл - қызың,
Жүре тұршы жалғанғанда үзігің.
Маған бақыт неге керек, ақ әже - ау?!
Өзің бірге көре алмасаң қызығын.
Сіздердің құрметтеріңізге 5 сынып оқушыларының орындауындағы Асыл әжем әнін қабыл алыңыздар!
1 - жүргізуші: Қарттарды құрметтейтін, олардың алдындағы перзенттік парызын үлкен ынтамен орындайтын, әдептілік, кішіпейілділік, сергек сезімталдық көрсету сынды қасиеттер қанына сіңіп, жүрегіне ұяламаған ұрпақтан не опа, не қайыр?!
2 - жүргізуші: Адамның өмірінің мәні мен сұлулығы, адамның келешегіне сенімділігі – ол баланың ата - анасын ардақ тұтып, өзінің перзенттік қарызын бір сәтке де есінен шығармауында. Қарт кісіні құт - береке деп танысақ – ол ұрпақ көрегендігі.
1 - жүргізуші: Ұрпағы құрметтеген ата - ана әр кезде де бақытты.
(5 - 6 сынып оқушылары. Көркем сөз)
1 - жүргізуші: Үлкенді сыйлау, оларға құрмет көрсету – ата - бабадан келе жатырған салтымыз. Сіздердің өмірлік тәжірибелеріңіз бен ақыл - кеңестеріңіз, тәлім - тағылымдарыңыздың біз үшін орны бөлек. Талай жасты тәрбиелеп, ізбасарларыңызды өсірдіңіздер.
2 - жүргізуші: Сіздерсіздер бүгінгі ұлықпандар,
Мың жасаған ұрпақпен ұлық жандар.
Қарттар тарих, қазына, ел қазығы,
Ей, адамзат, осыны ұмытпаңдар!
8 сынып оқушысы Үсенова Айымның орындауындағы Қос бәйтерегім: Әкешім - Анашым әні
1 - жүргізуші: Абырой амандығың арта берсін,
Бақ дәулет қызығымен қатар берсін.
Ұрпағың жақсы көрген жиі келіп,
Таусылмас дәм - тұзыңды тата берсін.

2 - жүргізуші: Тыныштық елімізге бере берсін,
Молшылық жерімізге ене берсін.
Соғыстан ел жұртымыз аман болып,
Қызығын бейбіт өмір көре берсін.
1 - жүргізуші: Алатаудай кейпі биік қашанда,
Таң сызылып, күлер нұр шашарда
Бата бер деп бар адамдар жаяр қол,
Бір биіктен бір биікке асарда.
Сіздерден бата берулеріңізді сұраймыз! (Бата).
1 - жүргізуші: Бүгінгі Қарттарын қадірлеген ел ардақты атты кешіміз осымен аяқталды.
2 - жүргізуші: Келіп тамашалағандарыңыз үшін көп - көп рақмет!


Скачать


zharar.kz