Етістіктен құралған сөйлем мүшесі

Скачать

Сабақтың тақырыбы: Біріккен сөздер
Сабақтың мақсаты:
1. Кейбір сөздер бірнеше түбірлерден құралып, бірігіп жазылатынын мысалдар арқылы түсіндіру. Жер - су аттарын білдіретін біріккен сөздердегі қатар келген екі дауысты дыбыс сақталып жазылатынын түсіндіру.
2. Ауызша және жазбаша сөйлеу тілдерін дамыту, сөздік қорын, байланыстырып сөйлеуін, шығармашылық қабілеттерін дамыту.
3. Оқушыларды ұқыптылыққа, ізденімпаздыққа, жинақылыққа, сауаттылыққа, көркем жазуға тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: аралас сабақ
Әдіс - тәсілдері: түсіндіру, сұрақ - жауап
Сабақтың көрнекілігі: интерактивті тақта
Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі
Тілек гүлшоғын жасау
ІІ. Үй тапсырмасын тексеру
28 - жаттығу. Күрделі сөздерді оқып, мағынасын түсіндіру. Күрделі сөздердің жасалу жолдары мен жазылу ерекшеліктеріне қарай топтастыру.
ІІІ. Жаңа сабаққа даярлық кезеңі
Сөзжұмбақ шешу
1. Сөйлемнің тұрлаулы мүшесі
2. Сөз табы
3. Сөйлемдегі ойға сөйлеушінің қалай қарайтынын білдіретін, бірақ сөйлем мүшесі болмайтын сөз.
4. Өзара мағыналық байланыста айтылатын екі не одан да көп сөйлемнен құралады.
5. Келер шақты етістік
6. Септіктің бірі
7. Тиянақты ойды білдіреді
8. Етістіктен құралған сөйлем мүшесі

ІІІ. Жаңа сабақ
Екі одан да көп түбірден құралған сөздерді біріккен сөздер деп атайды. Олар бірігіп жазылады.
Суреттер көрсету арқылы біріккен сөздерден мысалдар көрсету.
а) Оқулықпен жұмыс
226 - жаттығу. Әр сөз неше түбірден құралған?
Айнабұлақ, қосаяқ, Тескенсу, итмұрын, Алакөл, Ботакөз, Талдықорған, Есдәулет, аққу, ақбөкен, шаңсорғыш, балмұздақ.

227 - жаттығу. Мына сөздердің ішінен біріккен сөздерді табу.
Ақтөс, көкжиек, тоғызқұмалақ, балмұздақ, қап - қараңғы, темірқазық, ата - ана, Мырзахмет, қып - қызыл, бағдаршам, алтыбақан, ауыл - аймақ, Аманжол, он бес, теміржол, көзайым.

Сергіту сәті
Қимыл - қозғалыспен көрсету.
Дәптермен жұмыс 228 - жаттығу.
Біріккен сөздердің қай есімнен жасалғанын түсіндіру.
Ақ маңдай Алатаудың асқарынан,
Түрленген Тарбағатай тастарынан.
Дәрі үшін даярлайды шипа шөбі,
Бурабай, Баянауыл бастарынан

ІV. Білімді бекіту
Кім шапшаң? ойыны
Сөздерді біріктіру арқылы біріккен сөздер жасау
Қос --- құдық
Ақ --- төс
Қара --- жал
Бір --- жан
Саңырау ---- құлақ
Көк --- жиек
Ақ --- теңіз
Білгенге маржан көп нүктенің орнына мақалдарды тауып қою. Мақалдардың мағынасын ашу.
1.... шауып бәйге алмас.
2..... қайырғанмен бүркіт болмас.
3.... жарықтан қараңғы артық.
4. Құлан құдыққа құласа,
..... құлағында ойнайды.
5.... жеп қой семіреді,
Қансоқта жеп ит семіреді,
Пара жеп би семіреді.


Скачать


zharar.kz